ДИКТОР: Бала тілінің кеш шығуы, өз қатарластарына қарағанда дамуында тежелістердің жиі кездесуі қазіргі қоғамдағы алаңдатарлық мәселелердің бірі. Әсіресе соңғы жылдары ерекше білімді қажет ететін балалардың саны артып отыр. Бұл жағдайдың қаншалықты шешімі бар? Мамандар не дейді? Әріптесім Сәния Есімсейітова баяндасын.
РКС: Облыста ерекше білімді қажет ететін бала саны 13 мыңнан асады. Оның ең көп тараған түрі-аутизм, одан кейін сөйлеу тілінің кеш дамуы. Яғни 3 жасқа дейін баланың сөйлемеуі қалыпты жағдай емес.Бірақ, өкінішке қарай, қоғамда бұл жағдайға немқұрайлы қарау әдетке айналған. Көпшілік ата-аналардан бұл қалыпты, уақыт өте түзеледі деген пікірді жиі естиміз. Ал мамандар бұл нағыз дабыл қағатын уақыт дейді.
СНХ: ГҮЛНӘР ЕСІМСЕЙІТОВА, ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД: Ата-аналардың қателігі, келіп бізге логопед керек дейді. Жоқ, дұрыс емес, біз бірінші баланы толық тексереміз. Егер баланың тонусы дамымаған болса, оған біріншіден АФК-ны ұсынамыз. Содан кейін кезең-кезеңімен адамдармен қарым-қатынасы, ойлауы бәрі жақсара бастаса,сол кезде психологпен жұмысты бастайды. Қазіргі кезде балаларда түсінігі қалыптаспаған. Мәселен, көп жағдайда дәретханаға баруды білмейді. 3 жасқа дейін памперспен жүреді. Ең бірінші түсінігін қалыптастырумен жұмыс жасаймыз.
РКС: Коррекциялық орталықтарына негізінен 1,5 мен 6 жас аралығындағы балалар қабылданады. Дегенмен, кеш болса да нәтиже көруге үміттенген ата-аналар 13–14 жасқа дейінгі балаларын да әкеліп жатады. Қаладағы осындай орталықтың бірі – «Білім студиясы». 2 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Мұнда біздің кейіпкеріміздің анасы да бір жыл бұрын мамандардың көмегіне жүгінген. Бүгінде алғашқы оң нәтижелер байқалып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БАХАРГҮЛ ЕСЕНЕЕВА, АТА-АНА: Баламнан нәтиже өте көп көріп жатырмын. Баламның нәтижесіне келер болсақ, бір жыл көлемінде эхолалиясы азайып келе жатыр. Көзге тіке қарауы, сонымен қатар сұрақтарға жауап беруі, сол сондай нәтижелер көп көріп жатырмын. АФК маманының жұмыс істеуі нәтижесінде велосипедті, тепе-теңдікті сақтауды, жаттығулар жасау, денесін тік ұстауды, көптеген жаттығулар үйреніп жатыр. Психолог маманы өте жақсы көмектесіп жатыр. Баланың тәртібі және мінез-құлқы қазір қалыпты.
РКС: Егер балаңыздың даму қарқынында кідіріс байқалса, дереу маманның көмегіне жүгіну қажет. Ең бастысы – уақытты жоғалтпай, баланы ерте жастан тексерістен өткізіп, кешенді түрде түзету жұмыстарына тарту. Сонда ғана оң нәтиже бермек. Мамандар осылай дейді. Ал ата-аналардың белсенділігі мен орталықтардағы білікті мамандардың қолдауы балалардың болашағына жол ашады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ