ДИКТОР: Кеше Астана қаласының маңында жеңіл моторлы жеке ұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Астанадан 50 шақырым жерде орын алды. Астана станциясындағы полицияның желілік басқармасы алдын ала тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ҚАСЫМЖАНОВА, ҚР ІІМ КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша көліктегі полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-ші бабының 3-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Өкінішке орай, апат салдарынан екі адам қаза тапты. Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталу үстінде.