ДИКТОР: Өңірде сүт өндірісі қарқынды дамып келеді. Соңғы 2 жылда аймақта бес бірдей заманауи сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. Қазір аймақта 24 мың бас ірі қара малға арналған 47 сүт-тауарлы фермасы бар. Атбасар ауданына қарасты Бастау ауылында жаңа сүт тауарлы фермасының құрылысы жүріп жатыр.
РКС: Бастау ауылындағы сүт-тауарлы ферма - ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі. Жоба аясында 1200 бас ірі қара мал өсіру жоспарланған. Асыл тұқымды ірі қара малдарды баптауда тың технологиялар мен жаңа әдістер қолданылады. Сондай-ақ бұл жоба аясында 40-қа жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
СНХ: ДАНИЯР МҰҚЫШЕВ, «БАСТАУ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Құрылыс жұмыстары көктемде басталды, ал техникалық іске қосуды осы жылдың күзінде жоспарлап отырмыз. Жоба аясында 1200 бас сауын сиыр ұстау көзделген. Ірі қара малдардың дені - голштино асыл тұқымды сиырлар. Жобаның жалпы құны шамамен 7,5 миллиард теңге. Оның 3 миллиард теңгесі мемлекеттік қолдау аясында қаржыландырылды. Бұл бағдарлама шаруалар үшін өте тиімді, өйткені қаржыландыру 10 жылға 2,5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Мұндай қолдау шаруалар үшін үлкен көмек. Саланың әлеуеті зор. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2026 жылдың шілде айына жоспарланып отыр.
РКС: Өңірде мемлекеттік қолдаудың арқасында сала дамып келеді. Жалпы өңірде жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында 15 млрд. теңгеге 7 жаңа сүт-тауар фермасы қаржыландырылды.
СНХ: АРУЖАН ҚАЙЫРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Жалпы осы бөлінген қаражат есебінен 5400 басқа арналған ірі тауар сүт фермалары салынды. 5 ірі сүт-тауарлы фермалары салынды және іске қосылды. Биылғы жылы 1200 басқа арналған ірі 2 сүт тауарлы фермасын салу көзделген. Биылғы жылы 2025 жылға жеңілдетілген несиелеу СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында 17 млрд теңге көлемінде республикалық бюджеттен қаражат бөлу көзделген. Бұл қаражат есебінен сүт тауарлы фермаларын салу және кеңейту жоспарланған.
РКС: Бұл инвестициялық жобалар тауарлы сүт өндірісінің көлемін 40 мың тоннаға дейін арттырып, саланың дамуына серпін бермек. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өңір экономикасына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ