ДИКТОР: Ақмолалық кәсіпкерлерге Салық кодексіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Арнайы ұйымдастырылған семинарға 400-ден астам кәсіпкер қатысты. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов баяндама жасап, бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне 18 шілдеде қол қойды. Оның ережелерінде салықтық әкімшілендіруді ауқымды түрде жеңілдету көзделген. Жаңартылған құжат барлық негізгі бағыттар бойынша елеулі өзгерістерді қамтиды. Қосылған құн салығының жаңа базалық мөлшерлемесі – 16% болып белгіленді.
СНХ: АЙНҰР САРТАЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ең маңызды осы үлкен салықтар бойынша үлкен өзгерістер ставкалары бойынша енгізілді. Жеке табыс салығы бойынша прогрессивті салық ставкасы енгізілді. Мысалы, осыған дейін жеке табыс салығы жеке тұлғалар үшін 10% болса, келесі жылдан бастап, белгілі бір мөлшерге келгенше, 10%. Одан кейін оған жоғары табыс алған жағдайда 1 жылдың ішінде, ол кезде 15% мөлшерінде салық салынады. Әрине, жаңа салық режимін енгізілуі бұл салық төлеушілер үшін белгілі бір өтпелі нормалары бекіитілді. Яғни 2026 жылдың 1 наурызына дейін егер салық төлеуші арнайы салық режимін қолданғысы келсе, ол мемлекеттік кірістер органдарына тиісті хабарламаны жібереді.
РКС: Кездесу барысында қатысушылар үшін «еркін микрофон» форматы қарастырылды. Пестицидтердің көтерме саудасымен айналысатын серіктестік басшысы Ольга Липень өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.
СНХ: ОЛЬГА ЛИПЕНЬ, «АГРО ГЛОБАЛ» ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ: Кез келген реформа түсініп, қабылдау тұрғысынан қиындық тудырады. Бірақ, кез келген өзгеріс уақыт өте келе экономикаға оң әсерін тигізеді. Салықтық есеп беру жеңілдетілуде, есептілік нысандардың саны қысқарады, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру де жеңілдейді. Осыған байланысты есепшілерге түсетін жүктеме азаяды. Бұрын жеңілдетілген жүйеде жұмыс істеген жеке кәсіпкерлердің тізімі қазір қысқарып жатыр. Мүмкін, көпшілігі жалпыға бірдей белгіленген жүйеге көшеді. Осыған байланысты бюджеттегі қаржы түсімі артып, бұл жеке кәсіпкерліктің дамуына серпін беруі ықтимал. Өйткені, ірі компаниялармен жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болады.
РКС: Жаңа заңда салықтық бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Осылайша, жоспарлы тексерулерден бас тарту енгізіледі. Семинар барысында кәсіпкерлер жаңа Салық кодексіндегі жаңалықтармен танысып, олардың артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік алды.
СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Әрқашан да бизнестік мөлшерлемелердің неғұрлым қолайлы болуы жайлы пікірлер болады және бола береді. Бірақ бүгінгі таңда әлемдік экономиканың қозғалысына байланысты кейбір жағдайлардың сөзсіз екенін түсінуіміз керек. Салық кодексінің бекітілгені туралы бәріміз білеміз. Мәжіліс пен Сенат депутаттары енгізілген жаңашылдықтарды қолдады. Бұл Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Жаңа Салық кодексінің ережелерін бизнеске түсіндіру жұмыстары жалғасады. Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздің барлық өңірлерінде көшпелі семинарлар өткізеді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.