ДИКТОР: Көкшетауда Халықаралық Жастар күні мерекесі аясында бірнеше іс-шара өтті. Бояулар фестивалі, «Өнер қабырғасы» арт-алаңы, ашық микрофон сынды шаралар қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Спорттық және зияткерлік ойындар өтті. Атап айтқанда, тоғызқұмалақтан, шахматтан, үстел теннисінен, стритболдан, қол күресі мен гір көтеруден жарыстар болды. Тоғызқұмалақ, шахмат және гір көтеру жарыстарына тек жастар үшін ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысты.

СНХ: АМАНГЕЛДІ РЫСПАМБЕТОВ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЖАРЫСЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІ: Барлығы 30-дан астам адам жарысқа қатысуда. Жарыстар өте қызықты өтіп жатыр. Бүгінгі шараның ерекшелігі табиғат аясында өзіміздің Қопа көлінің жағалауында өткізілуде. Ауа райы өте жақсы. Жастар еліміздің болашағы, сондықтан жастарға сәттілік тілеймін, жақсы жетістіктерге жете берсін. Тек ғана биіктен көріне берсін. Осындай шаралар табиғат аясында көбірек өткізілсе, себебі олар қаламыздың тұрғындарын біріктіреді. Қаламызға келген қонақтар үшін де өте жақсы.

РКС: Сондай-ақ, қаламыздың жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Шара барысында жұмыссыз жастар ұсынылған вакансиялармен танысып, өздеріне маңызды ақпарат алды.

СНХ: ШЫҢҒЫСХАН ЕЛЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ NEET-САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУ МАМАНЫ: Бүгін біз Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы Көкшетау қалалық жастар ресурстығымен бірлесе отырып Халықаралық жастар күніне орай бос жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырып жатқан болатынбыз. Мұндай бос жұмыс орындар жәрмеңкелері әр квартал сайын өтетін болады. Сонымен қатар «Ашық алаң» консультациялық алаңды өткізетін боламыз. Сонымен қатар бүгін 20-ға жуық кәсіпорындар болды. Жалпы бүгінгі бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 200-ден астам бос жұмыс орындары көрсетілді. Жастар келіп, қарауда, өздеріне керегін, түрлі ақпаратты алуда.

СНХ: ӘЛІШЕР БАЙМУҚАНОВ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жаңа ғана бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатыстым. Мемлекеттік мекемелер мен агротехникалық бағыттағы көптеген қызықты мамандықтар ұсынылды. Барлығы жан-жақты түсіндірілді. Стендтерде де толық ақпарат көрсетілген. Өте қызықты өтті. Өзім «Жастарға жұмыс» жобасының қатысушысымын, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесімін. Көкшетауда бұл бастама қарқынды дамып жатқанын көріп отырмын. Ұйымдастырылған шараның орны да өте тартымды. Жастар үшін аса пайдалы ақпарат ұсынылды. Баршаңызды Жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

РКС: Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев жастардың ел дамуы мен жаңа қоғам қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті. Көкшетаудың үздік әртістері және Қостанай қаласынан келген музыканттар қатысқан кешкі Open Air шарасы ұйымдастырылды. Іс-шаралар легі түрлі мамандық, қызығушылық және жас өкілдерін біріктірген, тәжірибе алмасу, шабыттану және жаңа таныстықтарға жол ашқан нағыз алаңға айналды.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ