ДИКТОР: Сандықтау өңірінде соңғы жылдарда 5 балбал тас табылған. Оның екеуі Сандықтау ауылының маңында, біреуі Каминкада, тағы бірі Бастырымовка елдімекендеріне жақын жерде анықталды. Ал соңғысы әрі ең құндысы – аудан орталығы Балкашино ауылы маңында Жабай өзенінің жағасынан табылған көне тас. Мамандар оны біздің дәуіріміздің IV-V ғасырына жатқызуда. Бұл – Солтүстік Қазақстанда алғаш рет анықталған ірі ескерткіш болып отыр.

РКС: Балбал тастың тамыры тым тереңде. Көлемі ірі, әдепкі тастар тәрізді болғандықтан орнынан оңайлықпен жылжыта алмайсың. Тасқа қашап сызылған адам бейнесі жергілікті археологтардың ғана емес, шетелдік зерттеушілердің де назарын аударып отыр. Себебі, мұнда адамның бет әлпетіне ұқсас бейнеден бөлек, әуеден ғана көрінетін өзіндік жазулары бар,- дейді мұражай директоры.

СНХ: МЕҢДІБАЙ ҚОПАБАЕВ, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мына жерде Жабай өзені, соның жағасында осы тас табылды бізде. Сол тас – адамның бейнесі. Сондықтан, біз осы табылғаннан кейін адам бейнесі, сосын арнайы мамандарға мен хабарласып, олар келіп, мына жерді зерттеп, мына жерді түсіріп, осы 4-5 ғасырға деп жобасы айтып отыр. Биыл жоспарда бар. Археологтар келіп, осы жерде тағы да қазба жұмыстарын жүргізеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұндай тас негізі Солтүстік Қазақстанда кездеспеген. Өзіміз де былай тарихты қарап отырамыз. Осы біздің ауданнан табылып отыр. Бұл тастың мағынасы өте үлкен тас. Сондықтан, оны ешкім ала алмайды. Енді ата-бабаларымыз қашап жазып кеткен ғой, мына жерде біздің ұрпақтарымыз біліп жүрсін деп. Бірақ та біз ана тасқа қарағанда, бейнеге қарағанда еңкейіп қараймыз. Ал негізі осы жерде тік қарау керек.

РКС: 2019 жылы ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған мұражайдың қорында 700-ге жуық жәдігер сақтаулы. Музей қоры көне тұрмыстық бұйымдармен, аймақтың археологиялық және этнографиялық жәдігерлерімен толықтырылып келеді. Сонымен қатар, ашаршылық жылдарындағы мәліметтер мен екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің қару-жарақтарын кезіктіруге болады.

СНХ:МЕҢДІБАЙ ҚОПАБАЕВ, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ал енді Ұлы Отан соғысын алсақ, бізден 10 мыңға жақын адам соғысқа қатысқан. Енді мақтанып айтатынымыз бізде 7 Совет Одағының Батыры біздің ауданнан шыққан. Сол кісілердің барлық мәліметтері бар. Жыл сайын сол кісілерге арнап іс-шаралар өткізіп отырамыз 9 мамырда.

РКС: Аудандық музей бүгінде мектеп оқушыларына тұрақты түрде экскурсия ұйымдастырып отырады. Оқушыларға қолданыстан шығып бара жатқан магнитофон, касета тәрізді алғашқы техникалар қызықты, - дейді музей директоры.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ