ДИКТОР: Біржан сал ауданының жаңа ауруханасы Конституция күніне орай есігін айқара ашады. Степняк қаласындағы медициналық мекеменің құрылысы аяқталуға жақын. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапары аясында құрылыс барысымен танысты.
РКС: 45 орындық аурухана тәулігіне 200 адам қабылдай алатын емханамен біріктірілген. Жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асатын кең, үш қабатты ғимарат. Жоба бойынша 8 жедел жәрдем көлігіне арналған орын қарастырылған. Айта кетейік, қазір ауданда ескі аурухана жұмыс істеп тұр. Оның ғимаратының тарихы жүз жылға жуық, ғимарат – 1928 жылы салынған. Мекеменің қуаты аудан қажеттілігін толық өтей алмайды. Соңғы уақыттарда мұнда босану және хирургиялық операциялар жүргізілмейді. Дегенмен, жақын арада тұрғындар медициналық қызметті жайлы әрі заманауи жағдайда ала алатын болады.
СНХ: ДИНАРА ОРАЗАЛЫ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ: 95% жұмыс аяқталды, құрылыс-монтаж жұмыстары іс жүзінде толық тәмамдалуға жақын. Қазір жабдықтарды орнату, жиһаздарды орналастыру, іске қосу-реттеу жұмыстары, инженерлік желілерді сынақтан өткізу жүріп жатыр. Барлығы аяқталып, пайдалануға жіберілуге дайындалуда. Бұл аурухананың бір ерекшелігі – мұнда жабдыққа өте көп қаржы құйылуда. Егер нысанның өзі 5,7 миллиард теңгеге салынса, соның тең жартысы – 2,9 миллиард теңге тек жабдыққа жұмсалған.
РКС: Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, жас мамандарға 8,5 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, оларға баспана беру мүмкіндігі де қарастырылуда. Жалпы практика дәрігерлерінің төртеуі облыс әкімі гранттарының арқасында диплом алды. Соның бірі қазірдің өзінде жұмысқа кірісті.
СНХ: МАРАЛБЕК ЖИНАЛЫС, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жалпы ауданда 11 мың халық тіркелген. Қазір жағдайда ауданымызда 18 дәрігер жұмыс істейді. Ауданға жетіспейтін дәрігерлер бізде көп. Кардиолог, хирург, невропатолог, эндокринолог, психиатр-нарколог. Осындай мамандар бізге қазір тапшы. Болашақта жаңадан аудан орталығынта салынып атқан аурухана 45 төсек орындыққа арналған. Оған енді көптеген жаңа мамандарды тартамыз деп ойлаймын.
РКС: Жаңа ауруханаға келер болсақ, мұнда баламасы жоқ жабдықтар жеткізілді. Қаптамадан шығаруды күтіп тұрған флюорография, маммография және физиотерапия аппараттары бар. Пациенттер толық скринингтен өте алады. Екі операциялық блок пен реанимация бөлімі жұмыс істейтін болады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы жерде шештік. Қаржыландыру мәселесін, сосын жабдықтауға беруге. Сол кезде айттық енді, ең бір қазіргі озық технология. Енді салғасын, жасағасын – осылай дұрыстап жасайық. Енді бірақ та қазір түсіндіріп халыққа бәрін айтуымыз керек, мынандай апараттар бар. Дұрыс қолданатын мамандарын бәрін үйретіп, соған да байланысты ғой. Әдемі музей болып тұрмау керек ол.
РКС: Нысандарды аралау барысында облыс әкімі ауруханаға ауданаралық мәртебе беру мәселесін көтерді. Денсаулық сақтау министрі бұл мүмкіндікті мұқият қарастыруды тапсырды. Ал өңір басшысы құрылыс жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.