ДИКТОР: Күшті армия – тәуелсіз мемлекеттің тірегі. Ұлттық қауіпсіздік пен жұмылдыру резервін нығайту мақсатында өңірде оқу-әскери жиындары өтуде. Бір айдың ішінде әртүрлі кәсіптер мен түрлі жастағы әскери міндеттілер жауынгерлік дағдыларды жетілдіреді және заманауи қару-жарақ үлгілерін меңгереді.

РКС: "Амандық" оқу орталығы базасында 120-дан астам әскери міндетті артиллериялық мамандық бойынша қайта даярлаудан өтеді. Сабақтар теориялық және практикалық дайындыққа баса назар аудара отырып, тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен өтеді. Айта кетейік, ең жас жауынгер - 22 жаста.

СНХ: ҰЛАН МҰХАНБЕТҚАЛИ – ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен запастағы офицер, лейтенант Муханбетқали Ұлан Аскарұлы.Қазіргі таңда әскери оқу-жиынын өтіп жатырмын. Азаматтық өмірде өз басым білім саласында жұмыс істеймін. Және одан тыс спортпен айналысамын. Таэквандодан ҚР спорт шеберіне үміткермін және қара белбеу иегерімін. Бүгінгі таңда біз Д-30 зеңбірегі арқылы оқу-жаттығуларын өтіп жатырмыз. Білген заттарымызды арттырып, білмеген заттарыызды үйреніп жатырмыз. Офицерлік және сержанттық составтың білімдері өте жоғары деңгейде. Менің ойымша, әрір ҚР азаматы өз отанын қорғауға міндетті деп санаймын. Және де жастарға айтарым, әскерден қорықпаңыздар.

СНХ: РОМАН ИВАНОВ- ӘСКЕРИ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен, Роман Иванов, қосалқы құрамдағы ефрейтормын. Бұланды ауданынан әскери жиындарға шақырылдым. Бұрын Ұлттық ұланда қызмет еткенмін. Әскери жиындарда мен жаңа мамандық алдым. Аға маман-зеңбірекші болдым. Артиллерия ісін игердім. Бізге тактикалық,жауынгерлік, топографиялық дайындық үйретілді. Бұл жиын —біз бұрын үйренген барлық нәрсені есте сақтау, дағдыларды шыңдау, жаңаларын алу және заманауи қару-жарақ пен тактиканы білу мүмкіндігі. Менің ойымша, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз Отанын, отбасын қорғай алуы тиіс.

РКС: Оқу-әскери жиындары 17 шілдеде басталып, 15 тамызға дейін жалғасады. Әскери міндеттілер тактикалық, атыс және саптық дайындық дағдыларын жетілдіреді. Басты мақсат-жеке құрамды жаңа қару-жараққа қайта даярлау. Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің заманауи тәсілдерін игеруге ерекше назар аударылады.

СНХ: НҰРКЕН ЖҮНІСАЛИЕВ- ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ: Қазіргі таңда әскери міндеттілер өзінің 1 айлық дайындығының шеңберіне келіп жетті. Бүгінгі таңда әскери міндеттілер өздерінің 1 айлық алған дәрістерін оқу-жаттығу, ату сабағында өздерінің алған білімдерін көрсетіп жатыр. Білімдерін өте жақсы деп бағалауға болады.

РКС: Жиындар жоспарлы түрде өтеді. Қатысушылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Әскери қызметшілер толық жауынгерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, қосалқы құрамдағы азаматтар әскери дағдыларды жетілдіру үшін жиындарға шақырылуы мүмкін. Мұндай жиындардың жиілігі әскери атаққа және запастағы санатқа байланысты.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.