ДИКТОР: Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ашық аспан астындағы Ботай мұражайы алаңында ерекше мерекелік іс-шара өтті. Музей аумағында этно ауыл тігіліп, келушілерге қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін паш ететін бағдарламалар ұсынылды. Бурабай баурайында Абай жырлары оқылып, Абай әндері айтылып Кербез Көкше Абай рухымен гүл-гүл жайнап, рухтанып тұрды. Дала төсінде қыз қуу, көкпар секілді ат спорты ойындары ұйымдастырылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.Тілшіміз баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Театрландырылған қойылымда Абай дәуірінің тұрмысы мен салт-дәстүрлері көрініс тапты. Мереке қонақтары қазақ музыкасы мен биін тамашалап, өнерпаздардың орындауындағы халық әндеріне қосылды. Бурабайдағы іс-шараны тамашалауға Қазақстанның алыс-жақын аймақтарынан қонақтар да келді.

СНХ: РОЗА МАХАМБЕТОВА, СӘКЕН СЕЙФФУЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОРЫ: Мен, өзім ғалым ретінде,Абай атамыздың мынадай бір керемет өлеңі бар: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,пайдасын көре тұра тексермедім,ер жеткен соң бірақта,қолымды мезгілінен кеш сермедім,Адамның бір қызығы бала деген,баланы огқытуды жек көрмедім деген. Яғни айтқанда,білім ғылымға жастарды сол заманнан бастап шақырған,ол бүгінгі күнде де өзекті.Сондықтан мен тағлымды жастарғада айтып жүрген ұстаз ретінде ,жақсылықтарының бәріне тәнтіміз,рахмет

СНХ: ӘЛИ МӘМБЕТӘЛИЕВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ассалаумағалейкуүм, Көкше! Біз Арқадан сәлем әкелдік. Әдейілеп бүгін Абайдың бабамыздың 180 жылдығына орай осында той өтеді дегеннен кейін әдейілеп келіп отырмын. Тамаша бәрі бәрекелді болып жатыр екен. Қазақ елі мың жасасын! Әрқашан да деніміз сау болсын! Әрқашан да жолымыз ақ болсын! Осылай той тойға ұласа берсін! Әр күні әр жерде осылай той өте берсін! Абай атамыздың тойы құтты болсын!

РКС: Қазақ руханиятының темірқазығы – Ұлы Абай. 10 тамыз – Абай күні. Бұл күн – ұлттың ойы мен сөзіне, болмысы мен даналығына тағзым ету мерекесі. Биыл қазақ халқы кемеңгер ақынның мұрасын тағы бір мәрте ұлықтады. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан аманат – Абай сөзі – жаңаша үн қатты.

СНХ: МИРАС МҰХМЕДРАҚЫМ, ЖАС КҮЙШІ: Щучинскінің тұрғынымын.Бұл қара домбырамызда «Секіртпе», «Ер Тұран» күйін ойнап шықтым.Бүгінгі Абай атамыздың 180 жылдығына ерекше күн және маңызды күн болып жатыр.Мен сияқты балаларға Абай атамызды білудің маңызы зор.

РКС: Бұл шара ұлы ақынның мұрасын ұлықтап қана қоймай, ұлттық болмыс пен мәдениетті дәріптеуге бағытталды. Ботай мұражайындағы этно ауыл бір күнге Абай заманын қайта тірілткендей болды. Абайды тану – өзімізді тану. Ұлы ойшылдың сөзі мен мұрасы – мәңгілік. Әр ұрпақ оны жаңаша оқып, жаңаша түсінген сайын, қазақ руханияты биіктей береді.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ