ДИКТОР: Көкшетауда жол апатынан бір бала көз жұмды. Бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында Абай мен Вернадский көшелерінің қиылысында «Chery» маркалы автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, аураханаға жеткізілді. Алайда, оның өмірін сақтау қалу сақтау мүмкін болмады.
СНХ: ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға оқыс оқиғалардың алдын алу үшін межелі жылдамдықты асырмау керектігін, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде, көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалау және ауа райы жағдайларын ескеру қажеттігін ескертеді.