ДИКТОР: Қазақстанда ұлттық әдебиеттің озық туындыларын анықтауға бағытталған "100 үздік кітап" ұлттық сауалнамасының қорытынды тізімі анықталды. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың ресми сайтында жарияланды.

РКС: Әр өңірден eGov порталы арқылы дауыс берген оқырман таңдауы белгілі болды. Нәтижесінде отандық авторлардың 100 таңдаулы кітабы іріктелді. Мемлекет басшысының қолдауымен Ұлттық кітап күні бастау алған бұл шара 3 ай бойы жалғасып, «Абай күні» қарсаңында қорытындыланды.

СНХ: ДИНАРА ДҮЙСЕН, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 100 кітап акциясы өз мәресіне жетті. Осы уақыт аралығында Республика бойынша 100 мың адам өз дауысын беріп үлгерді біздің депутаттарымыз, партия мүшелері, осы игі іске қатысқан барлық партияластарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

РКС: Толық тізімді назарларыңызға ұсынамыз. Қорытынды тізімге классикалық шығармалардан бастап, қазіргі заман авторларының да туындылары енді. Тізім құрамына көркем әдеби роман мен повестер, өлең жинақтары кірді. Ең үздік үштіктің қатарына енген шығармалар: Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдері, Шәкәрім Құдайбердіұлының "Еңлік - Кебегі" және Міржақып Дулатовтың "Бақытсыз Жамалы". Ал жоба бұдан былай тұрақты түрде жалғасып, тізім жаңартылып отырады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 3 ай ішінде сауалнамаға жүз мыңнан астам азамат қатысқан. Ақмола облысы бойынша көрсеткіш 5,05 процент, яғни, 5000-нан аса азамат дауыс берген. Дауыс бергендер арасындағы ең жас респондент 16-да болса, қарт оқырман 92 жаста.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ