ДИКТОР: Биыл Зеренді ауданындағы білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында "Ауыл - ел бесігі" жобасы бойынша облыстық бюджеттен 1 миллард 799 милион теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл сомаға аудан аумағындағы 5 мектепке күрделі жөндеу жасалып жатыр. Барлық жаңғырту жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.
РКС: Зеренді ауданы бойынша күрделі жөндеуден өтіп жатқан оқу ошағының бірі - Приречное ауылының жалпы білім беретін мектебі. Бұл ғимарат 1966 жылы пайдалануға берілген. Келер жылы мектептің 60 жылдығы аталып өтілмек.
СНХ: ТАТЬЯНА КРУЧ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл толығымен ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Еден жаңартылып, қабырғалары толық жаңадан сыланды. кіре беріске кафель, әр кабинетке линолиум төселді. Есіктер, оның жақтаулары ауыстырылуда. Су, кәріз құбырлары жаңартылды. Мектептің жылу жүйесі биоматериалға ауыстырылды. Мектебіміздің мерейтойы және 1 қыркүйек білім күні қарсаңында жөндеп, жаңартып бергеніне өте қуаныштымыз. Ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар риза.
РКС: Бұл мектепте күрделі жөндеу екі жылға жоспарланған. Былтыр ағаш терезелер пластикке ауыстырылып, нысанның сырты, төбесі ауыстырылған.
СНХ: АСЛАН ЕСЕНГЕЛДИН, МЕКТЕПТЕГІ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мектебімізде өте қуанышты үлкен іс шаралар, жөндеу жүріп жатыр. Біз бақылап, қарап жатырмыз. ендігі жылы 60 жылдыққа толады мектебіміз. осы мектепте өзім оқыдым балаларым оқыды. өте қуаныштымыз, барлығына рахмет. балалар үшін жаңалап істеп жатқаны жақсы.
РКС: Приречное жалпы білім беретін мектебіндегі жөндеу 15 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде. Тамыздың 15 мен 20 аралығында мектепті қабылдау болады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ