ДИКТОР: Олардың жасампаз еңбегінің арқасында халықтың әл-ауқаты артып, тұтас шағын аудандардың келбеті өзгеруде. Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай Көкшетауда салтанатты шара өтті. Жиын барысында өңірдің құрылыс саласының шамамен 30 өкілі мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

РЗК: Соңғы бір жарым жылда өңірде 29 көппәтерлі тұрғын үй салынды. Құрылысшылар еңбегінің нәтижесінде 1,5 мың кезекте тұрған азамат қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы 12 үйдің құрылысы аяқталып, 500-ден астам отбасы баспаналы болады. Бұл сандардың артында – акмолалықтардың жарқын күлкісі мен ертеңге деген сенімі жатыр, – деп атап өтті облыс әкімі. Марат Ахметжанов құрылысшыларды құттықтап, өңірдің дамуына қосқан елеулі үлестерін ерекше атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрылыс саласы қоғам өміріндегі ең маңызды кешен екенін дәлелдейді, ал құрылысшы мамандығы қоғамдағы ең құрметті мамандықтардың біріне айналды. Еңбегіңіздің арқасында жаңа үйлер, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, өнеркәсіптік кәсіпорындар салынуда, ең батыл жобалар жүзеге асырылып келеді. Сіздерге құрметті құрылыс саласының мамандары зор денсаулық, амандық, облыс және ел игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктерді жетуге тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!

РЗК: Соңғы уақытта облыста жергілікті құрылыс компаниялары ерекше қолдауға ие болып отыр. Бұл – реновация бағдарламасын енгізу және мемлекеттік сатып алулар туралы жаңартылған заңның нәтижесі. Акмолалық құрылысшылар еңбегінің арқасында өңірде спорттық және мәдени нысандар салынып, жаңа мектептер мен ауруханалар бой көтеруде. Салада ұзақ жыл еңбек еткен Владимир Фельбелт іс-шара барысында әріптестерін де құттықтады.

СНХ: ВЛАДИМИР ФЕЛБЕЛТ – ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Біз құрылыс қарқынының айтарлықтай артқанын көзімізбен көріп отырмыз. Қазіргі таңда біз бұрыннан армандаған нысандар бой көтеріп жатыр. Шынында да, қала тұрғындары құрылысшыларға алғыс білдіруде. Біз жергілікті атқарушы органдардың қолдауын сеземіз. Біз – құрылысшылар, жобалаушылар, архитекторлар - бәрі, барлық құрылысқа қатысы бар жандар, әлі де көбірек, одан да сапалы және қарқынды жұмыс істейтіндігімізге сенімім мол.

РЗК: Құрылыс саласында 15 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан тас қалаушы Қайырғали Сералинов «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

СНХ: ҚАЙЫРҒАЛИ СЕРАЛИНОВ – ТАС ҚАЛАУШЫ: Құрылысшылар қазіргі таңда өте қажет, ыстық пен суыққа қарамай ауыр жұмысты атқаратындықтан жұмысшылардың мәртебелері көтеріледі деп ойлаймын. Барлық Ақмола облысының құрылысшыларын мерекемен құттықтаймын, еңбекте жемісті болсын, мен сияқты медаль алып, марапатталуларына тілектеспін.

РЗК: Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен аяқталды.

ШУМ: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ТУРАЛЫ ӘН ҮЗІНДІСІ:

ДИНАРА НУРМУХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУРЖАН СМАГУЛОВ, БЕКЖАН ТОЛЕБЕК, КОКШЕ АКПАРАТ.