ДИКТОР: Жақсы ауылының музыкалық мектебі қосымша білім беру қызметін көрсетіп, балаларға музыкалық аспаптарда ойнау мен ән айту, сондай-ақ теориялық музыкалық дайындық секілді бағыттарда оқыту жүргізеді. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жақсы ауылының музыкалық мектебінде 4 негізгі пән, «Эстрадалық вокал», «Фортепиано», «Халық әндері» және «Музыка негіздері» оқытылады. Эстрадалық вокал пәніне 12 оқушы қатысып жүр. Вероника Савченкованың көптеген оқушылары Халықаралық, Республикалық және облыстық байқауларда өздерін танытып үлгерді. Ерекше көзге түскен шәкірттері – Тамерлан Жақыпов мен Ділдара Базарбекова.

СНХ: ВЕРОНИКА САВЧЕНКОВА, «ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛ» ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Бала кезімнен музыкамен айналыса бастадым. Алты жасымнан бастап концерттерге қатысып жүрдім. Әрине, өзімді музыкаға арнағым келді. Осы мақсатпен музыкалық колледжге оқуға түстім. Қазір балаларды оқытып жүрмін. Балаларды шабыттандыру, олардың талантын көрсету үшін ай сайын түрлі байқауларға қатысамыз. Өз мамандығымды таптым деп ойлаймын.

РКС: Тамерлан 2022 жылы музыка мектебіне оқуға қабылданып, бірден көзге түсті. Оның табиғи дауысы ерекше, әдемі тембрге ие, ал вокалдық мүмкіндіктері шексіз. Үш жылдық оқу барысында Тамерлан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазір оның шығармашылық қоржынында 14 Гран-при, 2 бірінші және 2 екінші жүлделі орын бар. Екі ай бұрын Астана қаласында өткен халықаралық байқауда Тамерлан «Супер Гран-при» атағын жеңіп алды.

СНХ: ТАМЕРЛАН ЖАҚЫПОВ, МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Бес жасымнан бастап музыкамен айналысып келемін. Талантымды ең алғаш болып әкем байқаған. Жуырда «Гүлнар Фэст» байқауына қатысып, 77 қатысушының арасынан «Супер Гран-при» иегері атандым. Сонымен қатар Грузияға барып, сол жерде бірінші орын алдық. Бізге бұл елдің қонақжайлылығы ерекше әсер етті. Болашақта музыка пәнінің мұғалімі болғым келеді.

РКС: Ділдара 2019 жылы музыка мектебіне оқуға түсіп, шығармашыл әрі талантты оқушы ретінде сахнада өнер көрсете бастады. Ол Жақсы ауданының көрермендеріне бірден ұнап, олардың сүйіктісіне айналды. Ауданда бірде-бір концерт оның қатысуынсыз өткен емес. Соңғы екі жыл ішінде Ділдара ерекше табысқа қол жеткізіп, Астана мен Көкшетау қалаларында өткен көптеген байқауларға қатысты. Бүгінде ол бірнеше мәрте Гран-при мен жүлделі бірінші орын иегері.

СНХ: ДІЛДАРА БАЗАРБЕКОВА, МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен тек вокалмен ғана шектелмей, фортепиано, домбыра және топтық сабақтарына қатысып жүрмін. Сольфеджио — мен үшін ең негізгі пән. Халықаралық, облыстық және республикалық байқауларға қатысамын. Бала кезімнен вокалмен айналысқанды жақсы көремін. Фортепианоға қатысып жүргеніме 8 жылдан асты. Бұл бағытта әрі қарай да дамып, жетіле бергім келеді. Болашаққа жоспарларым көп. Әлемдік деңгейдегі әртіс болғым келеді. Өзімнің музыкалық мектебімді ашып, балаларды оқытып, музыкамен айналысқым келеді. Сондай-ақ, өз музыкалық тобымды құрып, шығармалар жазуды армандаймын. Адамдарға шабыт сыйлағым келеді.

РКС: Музыкалық мектептің негізгі міндеті – оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту, аспапта ойнауды, ән айту мен музыкалық сауаттылықты үйрету. Жақсы ауылының балалар музыкалық мектебінің дарынды оқушылары өз таланттарын әлі де халықаралық деңгейде көрсетуді жоспарлап отыр.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.