ДИКТОР: Елу жылда ел жаңа. Зеренді ауылындағы нөмірі 1 мектеп 55 жылда алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. 4 айға жоспарлаған жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталып, білім ошағы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
РКС: Зерендідегі нөмірі 1-інші мектеп 1970 жылы салынып, қолданысқа берілген. Аудандағы ірі білім ошағының бірі. Жөндеу басталған уақытта, яғни өткен оқу жылының 4-інші тоқсанында оқушылар Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия мен нөмірі 2-інші мектепте білім алды.
СНХ: ӘУЕЛБЕК ТӘКЕТОВ, ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жалпы күрделі жөндеу жұмыстары 26 наурызда басталды. 6 айға жоспарланған 26 қыркүйекке дейін. Бөлінген қаржы 497 млн.тнг. Негізгі мердігер Көкшетау қаласынан, ЛТД Сарықарқа, қазір күрделі жөндеу жұмыстары 85 процент орындалды. 1 қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстары аяқталдып, мектеп оқуға дайын болады.
РКС: Жөндеу барысында мектеп ғимаратының қаңқасы ғана қалған. Мұндағы су, жылу, кәріз құбырлары, ғимараттың есік, терезелері, төбесі, шатыры, сыртқы бөлігі ауыстырылды. Жөндеу жұмыстарын ата-аналар да назарда ұстап отыр.
СНХ: ЕРЖАН ШӘКІРЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Осы мектепте менің екі балам оқиды. жуырда 2 апта бұрын осында ата-аналармен келіп, қарап шықтық сапасы бәрі жақсы, заманға сай. Біз көп уайымдаған спортзал салынып, асхана да кең. Жаңа кабинеттер де әкеледі деп, физика мен робототехника келді. Кабинеттерге орнатып жатыр.
РКС: Нөмірі 1 мектепте қызметкерлер саны 107, оның 80-і педагог. 700-ге жуық оқушысы бар білім ошағының ұжымы жаңа оқу жылын жарық, кең бөлмелерде бастамақ.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ