ДИКТОР: Целиноград ауданындағы Родина ауылында аулалар абаттандырылып, электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Биылғы күзге дейін ауылда жарықтандыру, көшелерді абаттандыру аяқталып, спорт алаңдары пайдалануға берілмек.

РКС: Жаңа тұрғын үй кешеніндегі аула аумағын абаттандыру биыл сәуір айында басталды. Жоба облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Бүгінде жұмыстың 75 проценті орындалды. Балалар ойын алаңын орнату үшін қажет құралдар сатып алынды, қиыршық тас төселді. Жобаның жалпы құны 440 миллион теңгеден асады.

СНХ: МАДИЯР ӨЗБЕКОВ, УЧАСТКЕ БАСШЫСЫ: Қазіргі уақытта бізде 100 миллион теңгеден аса қаражат тапшылығы бар. Біз актілерді жаптық. Әзірге ақша берілген жоқ, өз күшімізбен еңбектенудеміз. Қазіргі уақытта 20-ға жуық адам, 8 бірлік техника жұмыс істеуде. Бізде футбол, баскетбол алаңы, теннис орталығы бар. Жоба бойынша теннис, баскетбол алаңы болған жоқ, тұрғындар сұрауы бойынша біз және ауылдық округ әкімдігі ақылдаса келе оны істеу қажет деген қорытындыға келдік.

РКС: Жоба бойынша жөнделетін аумақ 27 мың шаршы метрден асады. Оның ішінде абаттандыру, жаяу жүргіншілер бөлігіне асфальт төсеу, автотұрақтар және спорт алаңдары бар. Құрылыс 6 айға жоспарланған. Участке басшысының айтуынша, жұмысты қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Бұл ретте елдімекенде электр желісін күрделі жөндеу жүргізілуде. Мердігерлер жұмысты өз қаражаты есебінен атқаруда және «Родина» агрофирмасы қаржылай көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда жұмыстың 35 проценті орындалды.

СНХ: ДӘУРЕН СҮЛЕЙМЕНОВ, УЧАСТКЕ БАСШЫСЫ: Жолдың ұзындығы – 3,2 шақырым, екі жолақты, ені – 6 метр. Жолдың екі жағы да биіктігі бір метр болатын қоршаумен қоршалған. Оның ұзындығы 2 метр. Сонымен қатар жоба шеңберінде ені бір жарым, ұзындығы 2 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынады. Ол жұмыстар да басталды. Жаяу жүргіншілер мен асфальт төсеу үшін жолдың орны дайын.

РКС: Биыл күзде ауыл тұрғындары жаңа тротуарлар және жарықтандырылған көшелермен жүріп, спорт алаңдарында уақыт өткізе алады. Қолайлы ортаны құру - экономикалық көрсеткіштер мен адамдардың өмір сүру сапасын жақсартудың маңызды факторы.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.