ДИКТОР:. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған шаралар легі өз жалғасын табуда. Көкшетауда «Абайдың қазақ мәдениеті мен әдебиетіндегі орны» атты облыстық конференция өтті. Шараға Абай мұрасын кеңінен насихаттап жүрген бірқатар әдебиет жанашырлары қатысты.
РКС: Конференцияны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова құттықтау сөзімен ашты. Шара барысында тарих және филология ғылымдарының кандидаттары Аманбай Сейтқасымов пен Сәбит Жәмбек «Әлем мәдениетіндегі Абайдың орны», «Киелі Көкше және Абай мұрасы» тақырыптарында мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Енді Абайды білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Абайды орыстың классиктері, француз жазушылары жазды. Үнді, ағылшын ғұлама зерттеушілері жазды. Абай ол- қашанда Абай болып қалмақ. Кейде ойланамыз, осы Абайды толық білдік пе деп. Бәріміз Абайдың өлеңдерімен, қара сөздерімен, аудармаларымен өстік, әлі сусындап келеміз. Бірақ Абайды білемін деп әлі айта алмаймыз.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Мынау Абайтанудағы алғаш әдеби талдауға байланысты Семейлік Николай Философов деген абайтанушы бар, бірақ соның ішінде негізі Әлихан Бөкейханов пен Зейнолла Әл Мусқауи ғой. Абайдың аудармаларына терең барып, Лермонтов пен Абай үндегістігіне ең бірінші назар аударған осы көкшелік Зейнолла Әл Мускауи болған. Әл Мусқауидің үлкен "Насихат қазақия" деген Уфада шыққан кітабында Абайға алғаш барған кісі екен.
РКС: Шара барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Мырзаболатов пен Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылынан арнайы келген бүлдіршін Асылай Төленді ақынның өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Эвелина Титова «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Бұдан бөлек, Абай күніне орай маусым айында бастау алған челленджге қатысқан өңірдің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар шараның құрметті қонақтары қатарынан орын алды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МҰХАМЕДАЛИ ОСПАНОВ, ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСУШЫ (СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ): Мен осы челлендж жайлы бір апта бұрын естідім. Инстаграмнан көрдім. Абай атамыздың 180 жылдығы болып жатқандықтан біздің қатысуымыз міндет деп ойлаймын, шарт ол. Сондықтан бірден видео түсіріп бастадым. "Өлсем орным қара жер сыз болмай ма" деген өлеңін оқыдым. Видео 600 ден аса қаралым жинап, 150-ден астам лайк жинады.
РКС: Абайдың ән мұрасы өзіндік ерекшелігімен дараланады. Ол сал-серілер әндеріне тән ащы дауыссыз әрі одағай сөздерсіз орындалады. Дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасеновтің айтуынша, елге кеңінен танымал «Көзімнің қарасы» әні қазіргі таңда еуропалық фортепиано сүйемелдеуімен өңделген нұсқада орындалып жүр. Алайда, бұл шығарма бастапқыда қазақтың қара домбырасымен орындалған. Сәрсенбай Хасенов тыңдарманға осы әннің Шәкәрімдерден жеткен түпнұсқалық үлгісін ұсынды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шара соңында Абай мұрасын насихаттауға үлес қосып жүрген бірқатар әдебиет жанашырлары Алғыс хаттармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ