ДИКТОР: Жаз бел ортасынан асып, жаңа оқу жылы да жақындап келеді. Орта арнаулы және жоғары оқу орнының студенттерін жатақханамен қамту қашан да өзекті. Қазір облыс аумағында жатақхана мәселесін шешу мақсатында қыруар жұмыс жүргізілді. Жаңадан бірнеше жатақхана бой көтерді. Ақмола облысы бойынша бұл мәселеде тапшылық бар ма? Жатақхана мәселесін түбегейлі шешудің жолы бар ма? Тілші баяндасын.

РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 7,5 мыңға жуық студент білім алады. 2 мыңдай студент университет жанындағы колледжде оқиды. 6 жатақханасы бар. Олардың бәрінде жаңа оқу жылына қызу дайындық басталып кеткен.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Қай оқу орнында болсын жатақхана мәселесі – үлкен мәселе ғой. Студенттерді жатақханаға орналастырудың оның өзінің ережесі, тәртібі бар. Бірінші, әрине, студент университеттің студенті болғаннан кейін қажетті құжаттардың, яғни, денсаулығына байланысты жеке құжаттары, оқу туралы мәліметтерін береді де, содан кейін барып, ережеге сәйкес орналастырылады. Әрине, бірінші кезекте біз әлеуметтік жағынан қорғаусыз студенттерге – яғни, көпбалалылар, одан кейін барып мүгедектігі бар студенттер, одан кейін барып мынау жетімдер үйі – балалар үйінің түлектеріне, тәрбиеленушілеріне бірінші кезекте біз, әрине, береміз. Ата-анасы жоқтарға. Біздің басты міндетіміз – студенттерге барынша жағдай жасау. Бұл Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Жатақханада тұру – ерекше, маңызды әлеуметтік қолдау түрі.

РКС: Жатақханадан орын жетпегендер далада қалмайды,-дейді ректордың кеңесшісі. Қосымша орын керек болып жатса, қаладағы бірнеше қонақ үймен келесім-шарт негізінде студенттер орналастырылады. Мұндай тәжірибе соңғы бірнеше жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Облыс орталығында 10 тарта колледж бар. Көкшетау жоғары техникалық колледжіндегі 3 жатақхананың екеуі соңғы екі жылда қолданысқа берілген. Мұндағы барлық бөлме заман талабына сай жабдықталған. Оқу ордасында 2,5 мыңнан астам студент білім алады. Соның тең жартысына жуығы шалғай аймақтардан білім іздеп келетін жастар. Бірінші кезекте солар жатақханамен қамтылады.

ДЛЯ КАЗ РЕД: СНХ: БАУЫРЖАН ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖӘНЕ МАНСАП БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Енді әр жатақханада үш жүз бала орналасуға болады. Былай айтқанда қазіргі енді бар ыңғайлылығы жасалған жатақхана. Жеке душ, дәретханасы бес балаға арналған секциядан тұратын болады біздің студенттер. Әр жатақханада арнайы өзі медбеке бар, мед.қызметкер бар бөліммен бірге. Қауіпсіздік жасауға бізде күзетші бар жатақханада. сағат видео қаралып тұрды, камералар орналасқан. Біздің осы жап-жаңа жатақханаларда 3000 айына төлейді. Енді ол қазірге айтқанда, өте арзан деп айтуға болады, осындай бағасы да.

РКС: Айта кетейік, ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім алушылар каникул кезінде ешқайда кетпейді, осы жатақханада тұрады. Олар азық-түлікпен қамтылады. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған бөлмелер де қарастырылған. Әр жатақхананың асханасы, кір жуатын орындары бар. Аймақта жатақхана тапшылығын шешу күн тәртібінен түспейтін мәселе.

СНХ: ҚЫЗЖІБЕК ҚОЙШЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 2025–2026 оқу жылына дайындық аясында Ақмола облысында студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын шешу бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда өңірдегі колледждерде 6,5 мың орынға шақталған 41 жатақхана бар. Ал контингенті аз ауылды жерлердегі колледждерде керісінше бос орындар қалып жатады. Былтыр Көкшетау жоғары техникалық колледжі үшін 600 орынға арналған екі жатақхана салынды. Биыл 750 орынға шақталған тағы екі жатақхананы іске қосу жоспарлануда: оның бірі 450 орындық азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі үшін, екіншісі 300 орындық Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі үшін. Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы облыс орталығындағы колледждерде жатақхана тапшылығын шешуге толық мүмкіндік бар.

РКС: Осылайша алдағы бірнеше жылда аймақтағы жатақхана тапшылығы шешілмек. Оған жергілікті биліктің оң шешімі мен оқу орындарының нәтижелі жұмысы ықпал етіп отыр.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ