ДИКТОР: Ерекше балаларды қолдауға арналған мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалар барлық қажеттілікті толық қамтымай отыр. Бұл - ата-аналарды алаңдататын басты мәселелердің бірі. Осы және өзге де түйткілдерді ашық талқылау мақсатында «Әйелдер күші» альянсының ұйымдастыруымен көпбалалы аналар мен медициналық мекемелер басшылары арасында ашық диалог өтті. Кездесу барысында қатысушылар өзекті мәселелерді ортаға салып, нақты ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігі талқыланды.
РКС: Өңірде кедергісіз орта қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде облыс бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 14 мыңға жуық бала тіркелген. Олар үшін арнайы білім беру, медициналық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында бірқатар орталық жұмыс істейді. Дегенмен, шешімін таппай отырған түйткілдер де жетерлік. Жиын барысында ата-аналар көтерген өзекті мәселелердің бірі - аутизм диагнозы бар балалардың кәмелет жасқа толғаннан кейін елеусіз қалуы. Ата-аналардың айтуынша, 18 жастан кейін мұндай жандарға арналған арнайы орталықтар да, тіпті қажетті мамандар да жоқ. Бұл жағдай олардың үлкен алаңдаушылығын туғызып отыр. Бұған дейін осы санаттағы жандарға арналған орталық ашылады, тіпті оған қаржы бөлінді деген ақпарат айтылған. Алайда бүгінге дейін нақты нәтиже жоқ. Салдарынан ата-аналар барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, балаларын қолдау жұмыстарын өз күшімен жүргізуге мәжбүрміз,-дейді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ТАТЬЯНА КОСТЮЧЕНКО, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А.: Бұрын бұл жұмысты жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар жүргізетін. Алайда биыл олардың жұмыс істеу тетігі өзгерді. Егер бұрын бұл қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылса, қазір ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді. Арнайы порталға тіркелуі қажет. Тарифтер әзірленіп, келісілгеннен кейін келісімшарт жасалып, содан соң ғана жұмыс басталады. Өкінішке қарай, осы заңнамалық өзгерістерге байланысты бұл процесс кейінге шегерілді.
РКС: Бұған қоса, ата-аналар тарапынан оңалту және сауықтыру орталықтарына жолдама алу барысындағы қиындықтар, дәрі-дәрмектің қолжетімсіздігі, білікті мамандардың тапшылығы және бірқатар медициналық қызметтің ақылы түрде көрсетілуі секілді мәселелер көтерілді.
СНХ: ДАУРИЯ ТӨЛЕШОВА, ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Мысалы, қазіргі кезде біз балаларымызды реабилитацияға апару үшін біз квота алуымыз керек, порталға тұруымыз керек, оның барлығы жарты жылға дейін созылып кетеді. Және де менің балам эпилепсия диагнозы бар. Біз дәрі-дәрмекті өз қалтамыздан алуға мұқтажбыз. Осы құрылып отырған бүгінгі диалог алаңы сондай бір мүмкіндік беріп тұр, тікелей медициналық орталықтардың басшыларымен кездесе отыра, өз сұрақтарымзды қойып, жай ғана сөз болып қалып қоймайтындай, шешімін тауып, алдағы уақытта тек жақсы себеппен кездесеміз деп ойлаймын.
СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮШІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Ата-аналар тарапынан түрлі сұрақтар туындайды, алайда, өкінішке қарай, олардың барлығы өз мәселесін ашық айтып, жеткізе алмай жатады. Бүгінгі жиын барысында көптеген өзекті проблемалар көтерілді. Ашық диалог алаңының негізгі мақсаты да — ата-аналардың көкейінде жүрген сауалдарын тиісті мамандарға тікелей жеткізіп, нақты жауап алу мүмкіндігін ұсыну. Сондықтан бүгін қозғалған мәселелер тек жергілікті деңгейде ғана емес, жоғары мемлекеттік органдардың да назарына ілінеді деген үміттеміз.
РКС: Жиын соңында мамандар маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, оларды шешуге ниетті екенін білдірді. Ата-аналардың ұсыныстары мен талаптары ескеріліп, бұл бағытта нақты әрі жүйелі шешімдер қабылданады деген үміт бар.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ