ДИКТОР: Зерендідегі «Сұңқар» лагерінің 6-шы маусымы ашылды. Бұл жолы сауықтыру орталығына еліміздің әр түкпірінен 200-ден астам бала келді. 10 күнге жалғасатын лагерьдің ауқымды бағдарламасы аясында түрлі семинар, пікірталас, мәдени және спорттық шаралар өткізу жоспарланған. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Жазғы лагерьдің территориясына кірген сәттен бастап мұнда ерекше атмосфера сезіледі. Мұндағы балалар бір-бірімен тез тіл табысып үлгерген. Астаналық Іңкәр бұл лагерьге алғаш келгенін айтып, жаңа достар тапқанына қуанышты екенін жеткізді.

СНХ: ІҢКӘР ШЕГЕБАЕВА, ДЕМАЛУШЫ: Мен бұл лагерьде бірінші рет болып жатырмын, және маған өте ұнайды. Тамақ дәмді, көптеген достар таптым. Және де біздің тәлімгеріміз өте мейірімді және күшті. Біз көптеген қызықты іс-шараларға қатысамыз. Осы лагерьдің территориясы өте үлкен, басқа лагерьлерге қарағанда. Табиғаты өте әдемі.

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр маусымда балаларға арналған арнайы тақырыпқа бағдарлама әзірленеді. Соның негізінде түрлі шара өткізіледі. Мәселен, дәл осы ауысым қазақтың дәстүрлеріне арналған.

СНХ: АҚТОРҒЫН ҒАЛИАКБАРОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КООРДИНАТОР: Біздің лагерьде күнтізбе өте тығыз болып тұрады. Себебі түрлі треннингтер өтеді, ойындар ойнайды, кешкі іс-шараларда өздерін көрсетіп, өздерінің актерлік, ораторлық шеберліктерін дамытады. Лагерьдің өзінің программасымен біз походка барамыз, тауға көтерілеміз, орманды көреміз, одан кейін балаларға арнайы бассейн бар, Біздің тәлімгерлер балалар үшін әртүрлі ойындар, іс-шаралар ойлап табады. Соның арқасында балалар өздерінің қабілеттерін нығайтады. Бізде осы ауысымның тематикасы «Қазақ вайб» деп аталады. Қазақша би, қазақша өлең айтып, Сол тематика бойынша тәлімгерлер арнайы іс-шаралар дайындайды.

СНХ: САЛТАНАТ ӘЛИ, «СҰҢҚАР» САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жалпы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасының негізінде балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру мақсатында осы облыс басшылығының қолдауымен бүгінгі таңда «Көкше» әлеуметтік корпорациясының мұрындық болуымен осы жазғы балалар лагері өткізіліп жатыр. «Сұңқар» лагерінің негізгі мақсаты – алдағы уақытта тек қана балалардың жазғы лагері ғана емес, Осы Зеренді ауданында турситік мақсатта отбасылық, балалар кешенін қалыптастырып, болашақтағы уақытымыз бала, ата-ана және күміс жастағы ата-әжелеріміздің басын біріктіру.

РКС: Мамыр айында бастау алған лагерьде 2 мыңға жуық бала демалып үлгерді. Айта кетейік, лагерьдің жұмысы тамыздың 24-іне дейін жалғасады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ