ДИКТОР: Аймақтағы жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша жағдай тұрақты. Полиомиелит, сіреспе, дифтерия, қызамық, сондай-ақ безгек, туляремия жағдайлары тіркелген жоқ. Бірқатар инфекциялар бойынша сырқаттанудың төмендеген, дегенмен кейбір түрлері бойынша өсім байқалады.
РКС: Өткен жылмен салыстырғанда облыста дизентерия, көкжөтел, қызылша, менингококк инфекциясы екі есе азайды. Сонымен қатар, бірқатар аурулар бойынша көрсеткіштер өсті, оның ішінде қызылша.
СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ - ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жылдың басынан бері облыс бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында 100 мың тұрғынға шаққанда 28,9 көрсеткішпен қызылшаның 225 жағдайы тіркелді. 92% немесе 159 жағдайда науқастар вакцинацияланбағандар есебінен тіркеледі. Вакцинацияның болмау себептерін атап өткім келеді. Бұл 61 жағдайда жасқа толмағандар, 75 жағдайда вакцинациядан бас тартқан, 12 жағдайда уақытша медициналық тыйым салынған, 9 жағдайда тұрақты медициналық тыйым салынған және 2 жағдайда вакцинацияға келмегендер. 66 жағдайда егу мәртебесі белгісіз болды.
РКС: Бұл аурулардың алдын алудың негізгі әдісі - уақтылы вакцинация. Өңірдегі жағдайды тұрақтандыру үшін балалар мен жасөспірімдерді жоспарлы иммундау жүргізіледі.
СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 2023 жылғы қарашада қосымша жаппай иммундау жүргізілді. 15400 адамға екпе салынды. 6 айдан 10 айға дейінгі балалармен қатар, 2 жастан 4 жасқа дейінгі 2100 бала екпе алды. Сонымен бірге 18 жасқа дейінгі адамдарды иммундау жүргізілуде. 3000 жасөспірімге екпе салынды. Сондай-ақ 154 медицина қызметкері егілді.
РКС: Көкжөтел бойынша осы жылы бес жасқа дейінгі балаларда жеті жағдай тіркелді, барлық науқастар вакцинацияланбаған. Туберкулезбен сырқаттанушылық шамамен 9,5% - ға төмендеді. Туберкулезге қарсы екпемен жаңа туған нәрестелердің 96% – дан астамын, флюорографиялық тексерумен-тәуекел топтарының 93% - дан астамын қамтылды. Атбасар ауданында бруцеллездің жеті жағдайы, сондай — ақ 8 сібір жарасы анықталды. Барлық пациенттерге медициналық көмек көрсетілді. Эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ