ДИКТОР: Ұрпақ пен тұтас ұлттың тәрбиесінде әкенің ролі айырықша. Себебі, әке ұлттың рухани құндылықтарын ұрпаққа жеткізуші тұлға. Балаға туған жерге деген махаббатты, азаматтық қадір-қасиетті, дәстүр мен салтты тәрбие арқылы сақтап, ұрпақ бойында ұлттық сананы қалыптастыру әке мен ананың парызы. Бүгінде әке тәрбиесінің бала өміріндегі маңызы жөнінде толық тарқатып талқылаған «Әке-ұлт болашағының жауапты тұлғасы» атты форум өтті.

РКС: Форумға Көкшетау қаласындағы мектептердің оқушылары мен ата-аналары қатысты. Онда әкелер қауымы «Әке сөзі-өмірлік бағдар», «Жауапты әке-табысты ұрпақ», «Әке мен мектеп тәрбиедегі серіктестіктер» атты тақырыптарда ой бөлісті. Сондай-ақ, жас буынды еңбекқорлық пен жауапкершілікке баулу тәрбиенің негізгі бөлігі екенін тілге тиек етті.

СНХ:ЕГІНБАЙ БАҒАНАЛЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ата-бабамыз айтып кеткен баласын ешқандай кәсіпке үйретпеген ата-ана ол жамандыққа үйреткенмен бірдей. Осындай жиын жасап, әке мен бала арасындағы жақындықты жүргізгені өте жақсы. Бүгін сол көңілім толды. Осылай баланың болашағы басталады. Бүгін жақсы ойлар, пікірлер айтылды. Балалар, оқушылар осыны барлығын естіп отыр.

РКС: Шара барысында әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты көркем сипаттаған бейнежазба көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылар арасында шағын сауалнама жүргізілді. Олар әкелерін 3 сөз арқылы сипаттап беруі қажет еді.

ИНТЕРШУМ:

РКС:Саналы да тәрбиелі ұрпақ пен мәдениетті қоғам қалыптастыру үшін тек ата-ананың тәрбиесі аздық етер-дейді шара қатысушылары. Бұл жан-жақты жұмыла да жүйелі атқарылған жұмыстың нәтижесі. Форум барысында бала тәрбиесіндегі мәселелердің алдын алу мақсатында бір қатар ұсыныстар айтылды.

СНХ:АЛМАСБЕК БЕКЗАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мектепте волейбол ойнау, ұлттық ойындарға қатысу. Балалардың жиналысына әкелердің қатысуы. Сол сияқты мектепте шай ішу. Шай басында бала тәрбиесіне қандай үлес қоса аламыз деген сияқты ұсыныстар айтылды. Осындай керемет кеңістер айтып жатыр. білім бөлімі де осыны қабылдап жатыр. Келешекте бала мен әке қарым-қатынастарды нығайту мақсатында өте жоғары деңгейде шаралар өткіземіз деген ойдамыз.

РКС: Әке шаңырақтың тірегі, баланың бағытын айқындайтын темірқазық. Бұл жиын әр әкенің жүрегінде жауапкершілік отын маздатып, болашаққа деген сенімді нығайтты. Ұрпақ тәрбиесіне арналған осындай басқосулар қоғамның рухани тірегін күшейте беретіні сөзсіз. Тағылым мен тәрбиеге толы кездесу барысында мектеп өмірі мен бала тәрбиесіне белсенді араласып жүрген әкелер алғыс хатпен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

 РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ