ДИКТОР: "Аяла" арнайы балабақшасы 2024 жылы қолданысқа берілді. Қазір мұнда тірек-қимыл аппаратының бұзылуы және психологиялық дамуы тежелген 100-ден астам балғын білім алып, оңалту шараларынан өтуде. Бірақ, балаларды таситын арнайы көлікке зәру еді. Осыны ескерген аймақ басшысы Марат Ахметжанов мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы көліктің кілтін табыстады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Заманауи көтергіш механизмдермен жабдықталған көлік енді ерекше қажеттілігі бар балалардың қауіпсіз, әрі ыңғайлы тасымалдауын қамтамасыз етпек. Бұл бастама ерекше балғындардың сапалы білім алуына, медициналық қызметтерге уақытылы қол жеткізуіне және әлеуметтік ортаға бейімделуге жол ашады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл енді мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек қой. Жаңа Конституциямызда да көрсетіліп тұр. Құқықтық зайырлы әлеуметтік мемлекет екенімізді. Бұл енді біздің міндетіміз.

РКС: Әсел Ақжанова күн сайын ерекше қызын балабақшаға әкелу үшін Красный Яр ауылынан таксимен қатынайды. Енді ананың қуанышында шек жоқ.

СНХ: ӘСЕЛ АҚЖАНОВА, АТА-АНА: Өзім көпбалалы анамын. Кішкентай қызым осында тәлім-тәрбие алып жатыр. Таксилап кішкене қиналамыз. Сондықтан, мұны естіп бізде қуанып жатырмыз. Мүмкіндігі шектеулі балаларға осылай өздеріңіздің қамқорлық танытқандарыңыз үшін мың алғыс!

РКС: Соңғы жылдары арнайы балабақшада көптеген өзгеріс орын алуда. Білім ордасына келетін ерекше бүлдіршіндердің саны жыл сайын артып отыр. Мамандар мен сарапшылар олармен күн сайын жұмыс жүргізіп, қажетті көмек көрсетеді.

СНХ: АЙБАРША ЫСМАҒҰЛОВА, "АЯЛА" АРНАЙЫ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі таңда біздің балабақшада 50 маман тәрбие беріп жатыр. Оның ішінде 20 тәрбиеші, қалғандары педагог, жеке мамандар, логопед, психолог және де дене шынықтыру нысқаушысы, ән-күй жетекшісі, қазақ тілі маманы және де тірек қимыл аппараты бұзылған LFK маманы жұмыс істейді. +скл02:03+Қазіргі таңда менде 5 жас маман жұмыс істеп жатыр.

РКС: Бұдан бөлек, шаһарда салауатты өмір салтын ұстанған зейнеткерлердің қатары да артып келеді. Облыс орталығындағы белсенді ұзақ өмір орталығы күніне 150 адамды қабылдауға қауқарлы болса, бүгінде келушілер саны 1300-ден астам. Сондықтан, орталықтың екінші қабаты іске қосылып, жаңа үйірмелермен толықты. Бұған, салауатты өмір салтын ұстанған егде жастағы жандар риза. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов қазыналы қариялардың қуанышына ортақтасып қайтты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:/ Әлеуметік саладағы осы біздің зейнеткерлерге қолдау көрсету, осындай жағдай жасау біздің міндетіміз. Конституцияда бекітілген міндетіміз. соның айқан көрінісі міне бүгінгі таңда жасалып жатқан жұмыстар. Қоғам біртұтас болсын деп, бір-біріне қамқор болсын деп толық бірінші этажымызды да, мына екінші этаждыда біздің кәсіпкерлер өз қаражатын беріп жатқан көмек.

ИНТЕРШУМ:

- Мына үй ашылып, тамаша болды. Әйелдер келеді, еркектер келеді. Көшеде жайдан-жай жүргенше бірімен-бірі әңгімелесіп, отырғандары жақсы.

- На каратэ, на рукоделие везде успеваем. Ну счастливы. Просто счастливы. Благодарность большая.

- Тыс қалдырмай, бізге осындай жағдай жасап жатқандарыңызға көптен-көп рахмет! Зейнеткерлердің атынан алғыс шексіз!

РКС: Белсенді ұзақ өмір орталығында 17 үйірме жұмыс істеп тұр. Спорт секцияларынан бөлек шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және сазбалшық үйірмелері жаңа сыныптармен толықты.

СНХ: АЛМАСБЕК МҰРАТБЕК, БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз ересек адамдарға әлеуметтік білім береміз. Әлеуметтік сауықтыру сияқты іс-шараларын өткіземіз. және денсаулықтарына ерекше көңіл бөлеміз. Психологиялық тұрғыдан бәрін қадағалап жұмыс жасаймыз. Әртүрлі инструкторлар бар бізде. Мысалы, 17 үйірменің 17 нұсқаушысы бар.

РКС: Алдағы уақытта белсенді ұзақ өмір орталығының филиалдары Красный Яр ауылы мен Сарыарқа шағын ауданында ашылады деп жоспарланып отыр.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ