ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша үлестік құрылыстың қатысуымен үш сақалды құрылыс бар. Бұл мәселені жергілікті билік кезең-кезеңімен шешіп жатыр. Қазақстанда құрылыс компанияларын қабылау күшейтілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында еліміз бойынша үлестік құрылысқа қатысушылардың мүддесін қорғаудың көпдеңгейлі моделі жасақталды. Бұл мақсатқа жаңа технологиялар мен заңнамалық шаралар тартылуда. Тұрғын үй инвестицияларының сенімділігі қаншалықты қамтамасыз етілуде? Тілші жеткізсін.

РКС: Аймақтағы сақалды құрылыстың бәрі Қосшы қаласында орналасқан. 430 үлескер бар. Бұған дейін облыста «Сиреневый сад» тұрғын үй кешені бойынша мәселе шешілген еді. Кейін оның атауы «Ынтымақ» болып өзгертілді. Компания-инвестор аталған тұрғын үй кешенінде құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтады. 130 үлескер өткен жылдың жазында армандаған пәтерлерінің кілтін қолына алды.

СНХ: РАУАН ШӘЙМЕРДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазір облыс аумағында үлестік құрылыстың проблемалық үш нысаны бар. Олар «Шоколад», «Құрылтай» және «Diamond park» тұрғын үй кешендері. «Diamond Parkке» қатысты айтсақ, инвестормен ұқсас келімі-шарт жасалды. Оған сәйкес нысан аяқталып, нәтижесінде 141 үлескер баспанамен қамтылады деген жоспар бар. «Құрылтай» мен «Шоколад» тұрғын үй кешендері бойынша мәселе кезең-кезімен шешіледі. Тұтастай алғанда үлестік құрылыстың мәселелері бәріміз үшін елеулі қиындық туғызып отыр деп айтар едім. Десе де, ықтимал тәуекелдерге қарамастан, тұрғын үйді іске қосудың бұл тәсілі құрылысты жүргізушілер үшін кеіінен танымал. Өйткені, бұл жерде «броньдау» әдісі қолданылады.

РКС: Еліміз бойынша тұрғын үй нарығының ашықтығы артып келеді. Қаңтардың бірінен бастап үлестік қатысудың келісім-шарттары бойынша барлық төлем қолма-қол ақшасын форматқа ауыстырылды. Ол үшін екінші деңгейлі 12 банк «Қазреестр» жүйесіне қосылды. Сәуірден бастап ілезде тіркеуімен бірге электронды келісім-шарттарға толық ауысады. Бұл шара қосарланған сатылымның тәуекелін жою үшін жасалып отыр. Цифрландырумен қатар заңнама да оңтайландырылады. Аймақтарда құрылысты салушының тәжірибесіне қойылатын талаптар 9-дан 5 мың шаршы метрге дейін төмендетілді. Бұл өз кезегінде Ақмола облысына кепілдендірудің географиясын кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.

СНХ: АЛТАЙ КҮЗДІБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН ҮЙ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 2017 жылдан бері біз тұрғын үй құрылысына қатысу үшін 290 нысан бойынша 1,5 триллион теңгеге кепілдіктер ұсындық. Ол өз кезегінле 7 миллион шаршы метр баспананы іске қосуды қамтамасыз етті. Сонымен қатар құрылысқа және оның кезеңінде баспана сатып алуға инвестиция салған 77 мың қазақстандық отбасының мүддесін қорғадық. Бұл олардың ақшасын үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни, егер дайын баспанамен салыстырар болсақ, құрылыстың алғашқы басталған кезеңінде орташа есеппен алғанда 15 процент арзан бағада сатып алуға болады.

РКС: Құрылыстың заңдылығын тексеру үшін мониторинг сервисі жұмыс істейді. Мұндай жүйе ірі банктердің және eGov Mobile мобильді қосымшаларында қолжетімді. homeportal.kz мамандандырылған порталы да іске қосылған. Азаматтардың қырағылығы мен мемлекеттің қолдауы қосарланған сату мен келісім-шарттарды тіркеуді кешіктірудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құрылысты салушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғайды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ