ДИКТОР: Ақмола облысында 200-ге жуық шаруа қожалығының құқығы қорғалды. Олар 2 жыл бойы өздеріне тиесілі субсидияны ала алмай келген. Ал, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары шаруалардың тыңайтқыш алуға берген өтінімдері дұрыс рәсімделмеген соң, қаржы беруден бас тартқан. Қаржы беруден бас тартқандарын тек шаруа қожалықтарына белгіленген мерзім өткен соң ғана хабарлаған. Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары шаруалардың уәжін растап отыр.
СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Департамент ауыл шаруашылығы және жер қатынастар басқармасына қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы, заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс еңгізген болатын. Осы ұсынысты орындау аясында шаруа қожалықтарына өтінімдерді қайта тапсыру мүмкіндігі беріліп, кейін олар төлену үшін резевке қойылып, ағымдағы жылы 418 млн.теңге көлемінде субсидия алды.