ДИКТОР: Бүгін тағы 125 көкшетаулық отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілті ұзақ жыл кезекте тұрған көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға берілді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов қоныс иелерін құттықтап, жаңа баспананың кілттерін табыс етті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Баспаналы болғандардың бірі – Құдайбергеновтер әулеті. Жас отбасының отау құрғанына 3 жылдай болған. Бұған дейін жас отбасы пәтер жағалап жүргенін айтады. Енді жайлы әрі кең, бастысы - өз пәтеріне қол жеткізгеніне дән риза.

СНХ:СӘНИЯ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Әкем қайтыс болғаннан кейін 13 жыл бұрын әпкем мені өз қамқорлығына алған еді. Сол кісінің арқасында пәтер кезегіне тұрдым. Бұған дейін Красный Яр ауылында пәтер жалдап тұрдық. Пәтер ақысы қымбат болған соң бір үйден екіншісіне жиі көшіп жүруге тура келетін. Енді өз баспанамыз болады. Қуанышымызда шек жоқ.

СНХ: ЖЕҢІС ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үйдің іші кең, сапалы жасалған. Өте ыстық, жылы. Барлығы жақсы, бізге ұнайды.

РКС: Ал Гүлмира Рақышева – көпбалалы ана. «Алтын алқа» иегері бұл пәтерді 10 жыл күткенін айтады.

СНХ: ГҮЛМИРА РАҚЫШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін қуанышты күнім. Баспаналы болып жатырмын. Өзім «Алтын алқа» иегері. 7 баланың анасы. Отбасымызбен ең бақытты күн деймін. 10 жыл тосқан пәтерімізге бүгін кілтін алып, қуанышымда шек жоқ. Отбасымызбен басымызды иеміз. Өзім тәрбиеші болып жұмыс істеймін, балажанмын. Баршаңызға жұғысты болсын!

РКС: Ақмола облысы тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша елімізде көш бастап тұр. Былтырдың өзінде аймақта 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 6 мыңнан астам отбасы баспаналы болған. Әсіресе, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға басымдық беріліп келеді. Бүгінгі қоныс тойы да соның тағы бір - айқын дәлелі.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жыл басынан бастап Қосшы қаласында, Бурабай ауданында, Сандықтау,Зеренді, Бұланды тұрғындары на жаңа пәтер кілті берілді. Әрқашан мемлекет тарапынан осал топтарға көмек көрсетіледі. Біздің негізгі заңымызда, референдумға шығарып жатқан жаңа Конституция жобасында да өзімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп танып отырмыз. Бүгінгі шара сол негізгі заңымызда көрсетілген принциптердің айқын көрінісі.

РКС: Бүгінде шаһарда тағы 26 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Осылайша, бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасып, мыңдаған отбасының жағдайын жақсартуға сеп болмақ.

ИНТЕРШУМ:

 ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САНЖАР НҰРПЕЙІСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ