ДИКТОР: Қазақстанда "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Соңғы екі жылда 300-ге жуық отбасы аталған бағдарламаның игілігін көріп, баспаналы болды.
РКС: "Наурыз" бағдарламасына осы айдың 31-не дейін "Баспана Маркет" порталы арқылы өтінім беруге болады. Оған барлық қазақстандық, соның ішінде әлеуметтік осал топ санатындағы жандар да қатыса алады. Ол үшін "Отбасы банкінде" депозит болуы шарт. Сонымен бірге соңғы 5 жылда өтінім берген адамда және отбасы мүшесінде баспанасының жоқтығын растайтын құжат қажет.
СНХ: МАНАРБЕК ГЕЛЬМАНОВ, "ОТБАСЫ БАНКІ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Біздің банкте міндетті түрде депозиті болуы керек. Шотында кемінде 2 миллион теңге болуы міндетті шарттың бірі. Салым мерзімі маңызды емес. Бүгін-ақ ашып, қажетті соманы салып, "Наурыз" бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады.
ИНФОГРАФИКА АРНАЛҒАН ТЕКСТ: "Наурыз" бағдарламасының шарттары мен талаптарына сәйкес, бастапқы жарна 20, ал алғашқы нарықтағы, таза әрлеумен берілетін тұрғын үйді сатып алуға 10 проценттен басталады. Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар үшін несиенің жылдық мөлшерлемесі 7, ал қалған азаматтар үшін 9 процент. Несиенің ең жоғары сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36, ал өзге өңірлер үшін 30 миллион теңге мөлшерінде. Несие 19 жылға дейінгі мерзімге рәсімделеді.
ИНФОГРАФИКА:
"НАУРЫЗ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ:
- Бастапқы жарна 20%, ал таза әрленген үйлер үшін 10%-дан басталады.
- Әлеуметтік осал топ санатындағылар үшін 7%, ал қалған азаматтар үшін 9%.
- Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн.теңге. Өзге өңірлер үшін 30 млн.теңге.
- Несие мерзімі 19 жылға дейін.
РКС: Бағдарламаға қатысушылардың соңғы алты айдағы ресми табысы болуы керек. "Наурыз" бағдарламасына өтінімдер балл жүйесі арқылы автоматты түрде іріктеледі. Одан соң жүйе жиналған ұпайларға негізделген қатысушылардың тізімін автоматты түрде шығарады. Қазір еліміз бойынша халықты баспанамен қамтуға бағытталған бірқатар ипотекалық бағдарлама бар.
СНХ: МАНАРБЕК ГЕЛЬМАНОВ, "ОТБАСЫ БАНКІ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Сонымен қатар, бізде 50/50 стандартты нарықтық ипотека да бар. Яғни, баспана құнының 50 процентін жинап, жылына 5, 7 немесе 8,5 процент мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотека рәсімдеуге болады. Сондай-ақ, жылдың екінші жартысында әйелдерге арналған "Ұмай" және "Жасыл" ипотекалық бағдарлама іске қосылады деп жоспарланып отыр.
РКС: Көкшетау қаласының тұрғыны өз отбасы мүшесімен бірге "50/50" бағдарламасы аясында баспана сатып алуды ұйғарды.
СНХ: ОЛЬГА ТАСЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз "Отбасы" банкі арқылы баспана сатып алып жатырмыз. "50/50" бағдарламасы аясында 3 жыл ішінде 7,5 миллион теңге ақша жинадық. Қазір ең маңыздысы артық төлемнің мүмкіндігінше аз болуы. Әр адам үшін пайыздық мөлшерлеменің төмен болғаны өте тиімді.
РКС: Барлық бағдарлама тұрғын үйді қолжетімді етуге бағытталып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының барлық санатына ипотека алуға мүмкіндік береді.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ