ДИКТОР: Кешелі бері өңірде ауа райының күрт нашарлауына байланысты құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облыстың басым бөлігінде апатты-құтқару жұмыстары жүргізіліп, түрлі маңыздағы автожолдардан 100-ге жуық адам эвакуацияланды. Аймақтың бірқатар аумағында боран мен қатты аяз салдарынан адамдар мен көліктер қар құрсауында қалды. Оларды құтқаруға байланысты тиісті шаралар жүргізілді.

РКС: Степногорск, Қосшы және Атбасар қалаларының тұрғындары, сондай-ақ Целиноград, Буланды, Бурабай ауданы, Ерейментау, Жақсы, Қорғалжын, Шортанды, Жарқайың, Есіл және Біржан сал аудандарынан адамдар эвакуацияланды. Соңғы екі күнгі жағдай бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жылыту пункттеріне 72 адам орналастырылды. Оның үшеуі бала. Ал 81 адам үйлеріне жеткізілді.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 11 наурыз күні Ақмола облысы аумағында күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен 13 ауданның аумағында апатты-құтқару жұмыстары жүргізілді. Жалпы 145 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Сондай-ақ Макинск қаласындағы медициналық-құтқару пунктінің күшімен реанимобильмен Купчановка ауылынан бір науқас орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Өңір аумағында блок-бекеттер қойылды. Автожолдардың жабылғаны туралы тұрғындарға Darmen қосымшасы, SMS-хабарламалар және әлеуметтік желілер арқылы ескерту жасалды. Алайда кейбір азаматтар бұл ескертулерді елемей, жолға шығуын жалғастырған.

РКС: Көкшетау қаласының өзінде де табиғат құбылысы салдарсыз өткен жоқ. Екпінді желдің салдарынан бірнеше тұрғын үйдің шатырына зақым келіп, бір әлеуметтік нысан бүлінді. Сондай-ақ Гагарин мен Темірбеков көшелерінің қиылысындағы бағдаршам істен шыққан. Мамандардың айтуынша, аталған бағдаршам жақын арада жөнделіп, қайтадан орнатылады. Жеке тұрғын үйдің иесіне 432 мың 500 теңге көлемінде көмек көрсетіледі.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 11 наурыз күні Көкшетау қаласында секундына 25 метрге дейін екпінді желдің салдарынан 3 объектінің шатыры зақымданды. Ол бір жеке тұрғын үй, бір көппәтерлі тұрғын үй және бір әлеуметтік нысан. Жеке тұрғын үй бойынша, ол кісілерге бір мезгілді көмек көрсетіледі, яғни 100 айлық есептік көрсеткіш ретінде. Ол үшін әкімшілікке ол кісілер өтінішпен жүгіну керек. Әлеуметтік нысан бойынша бүгін жұмыстар басталып кетті. Көппәтерлі тұрғын үйге шатыры зақымданған 46 текше метр, сол шатырын беріп, жұмыстарын жүргізіп береміз.

ДЛЯ РУС. РЕД. СНХ: АКЖОЛ КЫЛЫШБАЕВ, ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ГОРОДА КОКШЕТАУ: 11 марта текущего года в результате порывыстого ветра, ветер достигал до 25 метров в секунду, в городе Кокшетау произошло повреждение кровли трех объектов. Это частный дом, многоквартирный дом и один социальный объект. По частному дому – по заявлению пострадавшего будет оказана помощь в виде выплаты единовременной компенсации в размере 100 МРП. По социальному учреждению уже начаты работы по восстановлению, там произошел сдвиг крыши. По многоквартирному жилому дому там частичное повреждение крыши, порядка 46 квадратных метров кровли необходимо заменить. Акиматом города будет предоставлены материалы, силы и средства.

РКС: Облыстық көпбейінді аурухананың травмаотология бөлімшесіне күн сайын шамамен 50 адам жүгінеді. Соңғы екі күнде қолайсыз ауа райына қарамастан, жүгінгендер санының күрт артуы тіркелген жоқ. Айта кетейік, айдың басынан бері түрлі жарақатпен шамамен 490 адам медициналық көмекке жүгінген.

СНХ: РИНАТ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Негізінен аяқ-қолдардың жарақатымен көп түсті. Оның басты себебі – қолайсыз ауа райы мен көктайғақ. Адамдар тайып кетіп, сүрініп, құлап жатады, соның салдарынан осындай жарақаттар орын алады. Осы адамдардың кейбіреулері ауруханаға жатқызылып, ота жасалды. Жалпы, адамдарға жаяу жүруді азайтуды ұсынар едім. Әсіресе соңғы күндері ауа райы қолайсыз болып тұр. Соған байланысты жүгінушілер саны артты, сондай-ақ сүйек сыну, соғылу және созылу жағдайлары көбейіп отыр.

РКС: Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Мамандар мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға, автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты бақылап отыруға және ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге бармауға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ