ДИКТОР: Өңірлік ІТ хабта Digital Qazaqstan Battle республикалық байқауының жартылай финалы өтті. Онда аймақтың үздік ІТ командалары жобаларын ұсынып, бақ сынасты. Байқау нәтижесінде жеңімпаз команда ширек кезеңге жолдама алып, еліміздегі ең ірі ІТ жобаларының бірінде Ақмола өңірінің намысын қорғайды.
РКС: Байқау аймақтағы ІТ қауымдастығы өкілдерінің арасында ерекше қызығушылық тудырды. Жобаға қатысуға 10-даған команда өтінім берді. Жас бағдарламашылар, әзірлеушілер мен стартаперлер цифрлық технологиялар саласындағы тың идеяларын ұсынды.
СНХ: ӘСЕЛ ӘБДІРАХМАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бұл жоба цифрлық шешімдер мен технологиялық өнімдер әзірлейтін талантты әзірлеушілер командаларды біріктіреді. Сарапшылар комиссиясының алдын ала іріктеуінен кейін, ең мықты 8 команда анықталып, олардың ішінен 2 команда жартылай финалға жолдама алды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жартылай финалда командалар цифрлық жеке жобалары мен технологиялық шешімдерін ұсынды. Қатысушылар жоба әзірлемелерінің функционалдық мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, олардың тәжірибеде қолдану маңыздылығы мен даму әлеуетін сарапшыларға дәлелдеуі тиіс болды.
СНХ: ДИЛЬНАЗ БОРАНШИНА, DIGITAL QAZAQSTAN BATTLE ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: «Okushy» бұл онлайн платформа. Ол қаланың барлық үйірмелері мен секцияларын бір жерге біріктіріп, қосымша білімді әр отбасы үшін қолжетімді етеді. Былтыр қазанның 3-інде біз платформаны Көкшетау қаласында іске қостық. Осы уақыт аралығында 7 мыңнан астам қолданушы тіркеліп, 800-ден астам ата-анадан өтінім келіп түсті. Біздің басты мақсатымыз, ата-аналарға үйірмелерді іздеу процесін ыңғайлы әрі жылдам ету. Бір ғана шертпе арқылы бірер минутта қызықтырған үйірме ата-ананың алдынан шыға келеді. Ал білім беру орталықтарына жаңа клиенттерді табуға қолдау көрсетеміз.
СНХ: ӘЛИДАР ҚҰРМАНТАС, DIGITAL QAZAQSTAN BATTLE ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛИСТІ: Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысымын. Бүгін біздің команда Digital Qazaqstan байқауының жартылай финалына өттік. Біздің жобамыз Checkwise, ол оқушылардың жұмыстарын тексеруге арналған. Бұл мұғалімдердің жұмысын әлде қалай жеңілдетіп, тиімді жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
РКС: Презентациялар қорытындысы бойынша сарапшылар комиссиясы аймақтық жартылай финалдың жеңімпазын анықтады. Бұл «Okushy» стартапы. Команда наурыздың 27-де Шымкент қаласында өтетін Digital Qazaqstan Battle финалында өңір намысын қорғайды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САНЖАР НҮРСЕЙІТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ