ДИКТОР: "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында облыстық прокуратураның мамандары Көкшетаудағы №20 гимназиясында "Ювеналды сот үкімін түсіндіру" атты кездесу өткізді. Онда мектеп оқушыларына жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар туралы ақпарат айтылды. Әсіресе, алаяқтық, есірткі тасымалы және оның салдары жайлы жан-жақты түсіндірілді. Шараға 100-ден астам оқушы қатысты.

РКС: Жиын барысында мамандар қолданыстағы заңнамалар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, арнайы бейнероликтер көрсетілді. Облыстық прокуратура өкілдері жастармен жиі кездесіп тұрады. Жыл басынан бері 100-ден аса білім ошағына барып, дәрістер өткізген.

СНХ: ДАСТАН ШӘРІПБАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Кездесу барысында оқушыларға сот актілері түсіндіріліп, заңға қайшы іс-әрекеттерге жасаған жағдайда туындайтын салдарлар туралы айтылды. Сонымен қатар, қылмыс жасаған үшін көзделген жауапкерлшіліктер ескертіліп, бейнероликтер көрсетілді.

РКС: Қазір жасөспірімдердің басым бөлігі өз құқықтарын аса біле бермейді. Әлеуметтік желілердегі түрлі ақпаратты көріп алып, соны кейін қайталауға тырысып жатады. Ал түптеп келгенде оның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенінен хабары жоқ. Соның салдарынан жасөпірімдер арасында құқық бұзушылық саны артып отыр. Оқушылар прокурорлардың айтқанын ұйып таңдап, тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойды.

СНХ: ӘМИНА МҰРАТ, №20 ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл алаңда біз Ақмола облысының прокурорларымен ой-пікір алмастық. Біздің жасөспірімдер арасында қандай заң бойынша жауапкершілікке тартылатынымыз туралы, қандай қылмыстық іс-әрекеттерге қандай баппен жауап берітініміз туралы айтылған болатын. Осы видео арқылы және де прокурордың сөздері арқылы біз көптеген нәрселерді түсіндік. Жалпы ашық алаң өте қызықты өтті.

РКС: Сондай-ақ, жиын барысында қоғамдық орындардағы тәртіп, жол қозғалысы ережелері және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері де қозғалды.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ