ДИКТОР: Әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын ұлттық ойынның бірі-тоғызқұмалақ. 2020-шы жылы ЮНЕСКО қазақтың бұл ойынын әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізді. Ұлттық мұраға айналған ойын түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Білім ошақтарында да кеңінен насихатталуда.
РКС: Ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек ойын осыдан шамамен 4 мың жыл бұрын пайда болды. Ақыл-ойдың дамуына аса зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зияткерліктің даму құралы ретінде қолданған. Бүгінде ел ұстаздары бұл үрдісті мектеп қабырғасында жалғастыруда.
СНХ: САЙЛАУБЕК БИҒАТОВ, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Былтыр ашылды бұл мектеп. Ашылғалы бұл үйірме жұмыс істеп жатыр. Үйірмеге бастауыш, орта, жоғары буындар қатысады. 25-30 оқушыдан келеді. Балаларды 1-1,5 сағат дайындаймыз. Осы мектеп ашылғалы мектепте тоғызқұмалақтан бірнеше жарыс өткізілді. Былтыр Ұлыстың ұлы күніне орай, 280 ата-ана тоғызқұмалақ ойнап, үлкен шараға қатысты.
РКС: Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны сабырлық пен қырағылықты талап етеді. Кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға үлкен септігін тигізеді. Бүгінде осы ойынды жетік игеріп, түрлі додаларда бас жүлдені иеленіп жүрген оқушылар аз емес.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:АЯУЛЫМ ТӨЛЕУБАЙ, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Менің ағайым маған қалай санау керек, қалай жүруге үйретті. Мен ағайға өте ризамын. Мен осы жылы жарысқа бардым. Қалалық жарыстарға қатыстым. Онда өте қызық. Мен жүлделі орындар алдым.
РКС: Көкшетау қаласында балалардың жан-жақты дамуына жағдайдың бәрі жасалған. Бүгінде ұлттық құндылық пен дәстүрді насихаттап жүрген 80 шақты үйірме жұмыс істейді. Оған 10 мыңнан астам бала қатысады. Ұлттық ойын-ұлт дамуының өзегі.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРПЕЙІСОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ