ДИКТОР: Зеренді ауданында қайтарылған активтер есебінен 12 ауылға ауыз су тартылды, тағы бір елді мекенде су құбырлары қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде алты мыңнан аса тұрғын сапалы тіршілік нәрімен қамтылды. Ал аудан орталығында бес қабатты үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтың өкілдері көптен күткен баспанаға қол жеткізді.
РКС: Ауыз суды ауыл шетіндегі құдықтан тасып ішетін Көктерек ауылының тұрғындары су құбыры тартылғалы берекеміз кірді,- дейді.
СНХ: ӘЛІМЖАН ШУМАТОВ, КӨКТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Биыл міне, жақсы елге су тартты, әрбір үйдің қасына әкеп суды берді. Суға проблема жоқ. Бұрын немен әкелем, немен барам деп ойлайтынбыз. Су өзі тамаша ғой, качествосы мықты.
РКС: Тіршілік нәрін бейберекет пайдалануға жол берілмеу жағы да ескерілген. Әрбір үйге есептеу құрылғылары орнатылған.
СНХ: СӘБИРА ШУМАТОВА, КӨКТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Су өткізгеніне өте-өте қуаныштымыз. Судың бары қандай жақсы. Су үйдің ішінде, бәрі жылы. Ауылда қыз-келіншектер бүгінге стиральный машина алып, аристон алып, әрқашан суымыз ыстық, сондай бәрі жақсы, қуанып жатырмыз.
РКС: Жалпы Зеренді ауданы бойынша былтыр 13 ауылға су тартылды. Оған қайтарылған активтер есебінен 11 миллиард теңге бөлінген. Ал ауыз су үздіксіз келу үшін Көктерек ауылына қосымша электр желісі тартылды.
СНХ: НҰРТАС ӘБУҒАЛИЕВ, ЗЕРЕНДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: 1 млрд 250 млн астам қаражат бөлінді. Одан қалды 5 шақырым жерден су құбыры қазылып, жаңа ВЛ линия ондық салынып отыр. Свет сөнсе,скаважинада да, башняда да екінші генератор қойылған. Халық риза, қуанышты.
РКС: Ал Зеренді ауылында өткен жылдың соңында 75 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік осал топтың өкілдері көптен күткен баспанаға қол жеткізді.
СНХ: АРМАН ТЕМІРБЕКОВ, ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы үйді алғалы қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Кіргенімізге 3-4 күн болды. 15 жыл бойы квартира жалдап жүрдік. 14 жыл очередьте тұрдық.
РКС: Ауданда жол жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілген. Былтыр Зеренді ауылындағы 10 көшеге жаңадан асфальт төселді. Ал биыл халық көптен күткен Молодежный, Шағалалы, Ақан, Баратай және Ортақ ауылына кіре беріс жолдар жөнделмек.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ