ДИКТОР: Республикалық референдумды өткізуге арналған учаскелердің бәрі дайын. Маңызды науқанда Егіндікөл ауылының тұрғындары өз таңдауын жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар жүргізілді.

РКС: Бұл Егіндікөл ауылындағы №379-шы референдум учаскесі. Тізім бойынша тіркелген 500-ге жуық адам жексенбі күні өз таңдауын жасауы тиіс. Учаскеде жасырын дауыс беру үшін арнайы кабиналар орнатылды. Станционарлық және жылжымалы сайлау жәшіктері де қарастырылған. Ал, ақпараттық стендте тұрғындар үшін жаңа Ата заңның жобасы ұсынылды. Бұл өз кезегінде дұрыс таңдау жасау үшін мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, барлық санаттағы азаматтар үшін қолжетімді әрі қолайлы жағдай жасауға ерекше екпін беріліп отыр.

СНХ: АЛЛА УРАЗАЛИНОВА, ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНДАҒЫ №379 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Референдум уақытында мүмкіндігі және қозғалысы шектеулі азаматтардың қолжетімді жағдайда қатысуы үшін ерекше көңіл бөлініп жатыр. Дауыс берудің ашықтығы мен айқындығы толық қамтамасыз етілуде. Референдум мүшелері арнайы оқудан өтті.

РКС: Сонымен қатар, референдум учаскесінде байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін де арнайы орындар қарастырылған.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ