ДИКТОР: Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының балалар бөлімшесінде күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ғимараттың палаталары, санитарлық желілері, инженерлік коммуникациялары, жарықтандыру мен желдету жүйелері жаңартылады. Барлық жұмыс республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда.
РКС: Жыл сайын балалар бөлімшесінде шамамен 600 бала ем алады. «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жетілдіру» ұлттық бағдарламасын жергілікті жерде жүзеге асыру балаларға арналған медициналық көмектің сапасын арттырып, қолжетімді етпек.
СНХ: ИСМАИЛ БӨЛТЕНОВ, АТБАСАР КӨПСАЛАЛЫ АУДАНАРАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін балаларды емдеуге заманауи, қауіпсіз жағдайлар жасалады, бұл бөлім жұмысының тиімділігін арттырады.
РКС: Мекемеде бір мезетте 22 бала ем шараларынан өте алады. Жетілдірудің арқасында бөлімшеде диагностика жасау мен емдеуге арналған қондырғылар сатып алынып, жаңартылмақ. Көпсалалы ауданаралық ауруханасына 40 мыңнан астам адам бекітілген. Атбасар медициналық мекемесіне сондай-ақ жақын маңдағы бес ауданның тұрғындары да көмекке жүгінеді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ