ДИКТОР: Облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығы базасында "Дені сау ана" пансионаты ашылды. Тәуекел факторлары жоғары жүкті әйелдер босану алдында тегін медициналық қызметкерлердің бақылауында болады. Бұл - ана мен баланы қорғаудың қауіпсіз, пациентке бағытталған жүйесін құрудың жаңа деңгейі.
РКС: Пансионат облыстың шалғай ауылдарынан жоғары қауіп факторлары бар жүкті әйелдерді емдеуге жатқызу үшін 10 төсек-орынға есептелген. Қажеттілікті ескере отырып, 20 төсекке дейін кеңейтуге болады. Қазіргі уақытта мекемеде екі әйел бар.
СНХ: КҮМІСЖАН ЕРЕЖЕПОВА - БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұландадан келдім. Мұнда мен бір апта жатырмын, пансионатқа кеше ауыстырды. Мұнда тыныш, жайлы. Маған ұнайды. Бәрі жақсы. Осындай жағдайда бірінші рет болып тұрмын. Мен бірінші рет босанғалы жатырмын. Дәрігерлер өте жақсы, қамқорлық жасайды. Аспаздар, санитарлар өте мейірімді.
РКС: Акушерлер жүкті әйелдер мен ұрықтың жағдайын тәулік бойы бақылайды. Босану белгілері пайда болған жағдайда немесе қандай да бір шағымдар анықталғанда, дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ – КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл жобаның мақсаты Ақмола облысының жүкті әйелдеріне қолжетімді, білікті, мамандандырылған көмек көрсету болып табылады. Бұл әсіресе облысымыздың шалғайдағы ауылдарындағы әйелдерге қатысты. Тәуекел факторлары, акушерлік патологиясы жоғары әйелдерде әйелдер мен ұрықтың жай-күйін тәулік бойы мониторингтеу мақсатында осы санатты пансионатпен алдын ала емдеуге жатқызу болжанады.Тексеруге дейін, қажет болған жағдайда сала мамандарынан консультациялар алады.
РКС: "Дені сау ана" пансионаты денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен ашылды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.