ДИКТОР: Ақмола облысында 20 шақты ауыл карта бетінен жойылуы мүмкін. Бұл елді мекендердің көпшілігінде халық саны 50-ге де жетпейді. Шағын ауылдарда оқушы саны аз болған соң мектептер де жабылу үстінде. «Ауыл» мәртебесінен айырылған елді мекендердің жағдайы қандай болмақ?
СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Көкшетаудың іргесіндегі Зеренді ауданынының өзінде ауыл мәртебесінен айырылуы мүмкін 14 ауыл бар. Оның бірі мына біз тұрған Өндіріс ауылы. Қазір мұнда түтін түтетіп отырған 5 отбасы қалған.
КСМ: Осыдан 10-15 жыл бұрын шағын ауылда өмір қайнап тұрды дегенге қазір сену қиын. Мектеп жабылған соң ауыл халқы қалаға үдере көшкен. Елді мекеннен қоныс аударудың екінші себебі - жұмыссыздық,- дейді тұрғындар.
СНХ: СЕРІКБАЙ НҰҒЫМАНОВ, ӨНДІРІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жұмыс болмағасын елден көшіп, ауданға қалаға кетті. Жан-жаққа, қай жерде жұмыс бар көшіп-көшіп кетті. Жағдай осы, жұмыс жоқ, үйлер, мектеп бәрі бұзылды.
КСМ: Күйі кеткен ауыл аудан орталығынан небары 15 шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар саны аз болған соң, «ауыл» мәртебесінен айырылып, жанындағы Бәйтерек ауылының бір көшесіне айналмақ.
ШУМ:
КСМ: Мал бағып, егін егіп, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған шағын елді мекендердің бірі – Кеңөткел ауылы. Көкшетаудан небары 50 шақырым жерде орналасқан ауылда тұрғындар саны азайып барады. Қазір небары 30 шақты шаңырақ түтін түтетіп отыр. Биыл мектеп жабылмақ, себебі 4-ақ оқушы қалған.
ШУМ:
СНХ: КҮЛПАН РАХЫМОВА, КЕҢӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауылымыздың жағдайы осы міне, сиыр сауамыз, мал ұстап бие сауамыз. Базарға апарып, қаймақ, май сатамыз, ірімшік істейміз. Қоспа жасайыз, қымыз жасаймыз. Бәрін қалаға апарып сатамыз. Солай күн көреміз. Ауылда енді жұмыс жоқ. Мектеп жабылып жатыр. Жастар кетіп жатыр. Оқушы жоқ. Тек қана малмен күнімізді көреміз.
КСМ: Мектебі жоқ, тұрғындары санаулы ғана ауылды ұстау экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан, халық саны 50-ден аз елді мекендерді жауып, тұрғындарын тірек ауылдарға қоныстандырады. Алайда, ешкімді күштеп көшірмейміз,- дейді облыс әкімі.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Бізде жоспар бар. Енді мынадай үлкен жұмыс орны бар, орталықтар жасап, адамдарды қоныстандырып, бірақ қалам деген адам қалады. Оны жарықсыз, жолсыз, светсіз, қалдырмаймыз. Қазақстан ауылын жабамыз дедік. Бірақ та қарар, мүмкіндік бердік. өйткені, ол жерге мал шаруашылығын ашып жатыр. "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша жұмыс істеліп жатыр.
КСМ: Туристік әлеуеті мықты деген Зеренді ауданының өзінде ауылдағы халық саны жыл сайын 1-1,5 мыңға азаяды. Мәселен, 2021 жылы ауданда 39 мыңға жуық тұрғын тіркелсе, 2024 жылдың соңында 33 мың адам қалған.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ