ДИКТОР: Мемлекет отандық өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыруда. Қазақстандық кәсіпорындар өндірісті кеңейтіп, жаңа техника шығаруды игеруде. Оған "Қазприцеп"серіктестігі дәлел. Компания жеңіл және ауылшаруашылық көліктеріне арналған тіркемелер шығарады. Жеңілдетілген несиенің көмегімен кәсіпорын заманауи жабдықтар сатып алып, жергілікті өндірісті жолға қойды.

РКС: Серіктестік бес жылдан астам уақыт бойы жеңіл көлікке арналған тіркемелер шығаруда. Өткен жылы кәсіпорын кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында "Даму" қоры арқылы жеңілдетілген несие алды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында компания заманауи жабдықтарды, соның ішінде лазерлік құрылғы сатып алған. Енді ауылшаруашылық техникаларына арналған қондырғылар шығарады.

СНХ: РАМИС ЮЗЛИКАЕВ-СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: "Даму"қолдауының көмегімен жабдықтар, металлды кесуге, июге, бояуға арналған заманауи қондырғылар сатып алдық. Өндіріске бейімделген ғимарат салынды. Өткен жылдан бастап, әзірге сынақ режимінде, біз жүк тіркемелерін, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған жүк шанақтарын, яғни пайдалануға ыңғайлылы жоғары жүк көтергішті өндіреміз.

РКС: Кәсіпорын басшысының айтуынша, бұрын нарықта импорттық тіркемелер басым болған. Жабдықты жеткізудегі көп жылдық тәжірибе негізінде компания отандық өнім шығаруды жолға қойды. Енді олар жергілікті ауылшаруашылық техникасын өндірушілермен ынтымақтасады.

СНХ: ДАНИЯР ТӨЛЕГЕНОВ-СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "КАМАЗ-Инжиниринг" акционерлік қоғамымымен бірлескен жобаны іске асырып жатырмыз. Тіркемелер толығымен Ақмола өндірісінде пайдаланылады. Алдағы уақытта өнімдерімізді бүкіл Қазақстан бойынша саудалауды жоспарлап отырмыз.

РКС: Қазіргі уақытта кәсіпорында 20-дан астам адам жұмыс істейді. Серіктестік халықаралық көрмелерге белсенді қатысады және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өнімді ұсынуда. Компания тауар түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр және сынақ тәртібінде екі осьті тіркемелер шығарып жатыр.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.