ДИКТОР: Көкшетау қаласында белгілі журналист, қоғам қайраткері Тоқтар Баймағанбетовке арналған мемориалдық тақта орнатылды. Бұл – еліміздің ақпарат саласына өлшеусіз үлес қосқан ардақты азаматқа деген құрметтің белгісі. Тақтаның ашылу салтанатына Жабал Ерғалиев, Байқал Байәділ, Қайырбай Төреғожа, Бақыт Смағұл сынды өңіріміздің белгілі қайраткерлері қатысты. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Тоқтар Баймағанбетов – ұзақ жылдар бойы Ақмола өңіріндегі баспасөздің дамуына еңбек сіңірген, әділдігімен, шыншылдығымен танылған қаламгер. Ол өзінің кәсіби жолында сан алуан өзекті мәселелерді көтеріп, халық пен билік арасындағы көпір бола білді. Белгілі қаламгердің тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды. Шараға қаламгердің жұбайы Роза Нарымбетова Түркістан облысынан арнайы келіп қатысты.
СНХ: РОЗА НАРЫМБЕТОВА, ЖҰБАЙЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТІ: Шынын айтқанда толқып тұрмын. Бүгінгі күн менің жолдасым атақты журналист Тоқтар Қайыржанұлы Баймағанбетовтің екінші өмірі басталған күн деп есептеймін. Халқы қайтадан өзінің ұланымен , талантты,дарынды ұланымен қауышып жатыр. Бұған себеп болған өзіміздің сүйікті,кербез киелі Көкше елі.,арқаның керемет аңқылдаған ақкөңіл жұрты. Өзіміздің бұрыңғы еңбек еткен «Көкшетау правдасы», «Коммунизм нұры», «Арқа Ажары» газеттеріндегі атақты біздің Көкше өңіріне осы бүкіл арқа жұртына танымал журналист тұлғалар Жабал ағамыз Ерғалиев, Қайырбай Төреғожин, атақты журналист Байқал Байәділов бастаған және сол сиқяты көптеген азаматтардың ұйытқы болуымен, Көкшетау облыстық әкімшілігінің, мәдениет басқармасының, ономастика бөлімінің, архив бөлімінің қызметкерлерінің барлығының ықпал етуімен бүгін осындай керемет естелік тақта ашылып отыр. Баршаңызға мың алғыс. Әр уақытта ұлтымызды ұлықтап, барымызды бардай бағалай білейік. Көп рахмет сіздерге!
РКС: Тоқтар Елемесұлы – нағыз журналистиканың жанашыры еді. Оның қаламы – шындықтың жаршысы болатын. Бүгінгі шара – кейінгі ұрпаққа үлгі, естеліктің мәңгілікке айналуы, – деді шара барысында әріптестері.
СНХ: ҚАЙЫРБАЙ ТӨРЕҒОЖА, ОБЛЫСТЫҚ «АРҚА АЖАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Тоқтар ағамыз біз үшін үлкен тұлға, журналистиканың жампозы. Бүгін міне өзі 20 жылдан аста тұған үйіне осындай үлкен ескерткіш тақтаның орнатылуы біз үшін зор қуаныш! Ағамызға зор құрмет! Бізде журналистерде шынында да бір шоғыр бар ғой. Бірақ, соның ішінде жарық жұлдыздай, шолпан жұлдыздай біздің Тоқтар ағамыздың алатын орыны ерекше. Ағамызды соңғы сапарға шыққанда да біз қимай, қайғы үстінде болып едік. Бүгін, міне, үлкен қуаныш үстіндеміз. Өйткнені, Тоқтар ағамыздың есімі қайта жаңғырып жатыр. Қайтадан ел жүрегінде жарқырап, естіліп жатыр. Сондықтан да Тоқтар ағамыздың осы бір ескерткіші мынандай өткен-кеткен кісі көп болатын жерде осылай тұра береді ғой деп ойлаймыз. Өмір бойы.
СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Тоқтар Баймағанбетов деген Көкше елі үшін емес, қазақ елі үшін үлкен бір танымал журналист болған кезінде. Өйткені ол кісінің екі тілде бірдей жазған мақалалары,сол кездегі Кеңес заманында Мәскеудің үлкен іргелі газеттеріне шығатын.бір жағынан бұл кісіні біз ұстаз тұтамыз. Өйткені бұл 90-жылдардың басында газетке алғаш келген кездерімде біздің қамқорымызда осы кісі болатын,бізге жол сілтеген де осы кісі болатын. Өйткені бұл көп адамдарға ізгі ниетімен жаңағыдай қол ұшын беріп, талайлардың журналистикадағы бағытын айқындап беріп,сонымен бірге оның әлеуметтік мәселелерін шешетін бір үлкен жүректі адам болатын.
РКС: Еске салсақ, Тоқтар Баймағанбетов көзі тірісінде бірнеше республикалық және облыстық марапатқа ие болған. Оның артында бай мұра, мол рухани қазына қалды. Енді осы ғимарат қабырғасындағы мемориалдық тақта – журналистік адал еңбектің, шынайы азаматтық ұстанымның белгісіне айналды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ