ДИКТОР: Есіл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау қызметкерлері, жастар және спорт саласының жаттықтырушылары арасында кездесу өтті. Басты мақсат - спортты насихаттау арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

 РКС: Кездесу полиция қызметкерлері мен спорт қауымдастығы арасында тұрақты әрі нәтижелі диалог орнатуға бағытталған. Айта кетейік, Ақмола облысы «Зиялы қауым» жобасын жүзеге асыруда нақты нәтижелер көрсетіп отырған көшбасшы өңірлердің бірі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тәлімгерлермен бірлесе жұмыс істеу жастармен мақсатты әрі жүйелі түрде жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

СНХ: СЕРІК ӘБУТӘЛІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл тек ғана тәжірибе емес, біз жергілікті қоғамды жинап, жастарды спортқа баулумен бөлек, «Заң мен тәртіпті» жастар арасында насихаттау мақсатында өз арамызда ой-сұхбаттасу өтті. Және жергілікті Есіл ауданы полиция бөлімімен келісімшарт қойылды.

РКС: Кездесу барысында бұл бағыттағы мәселелер талқыланып қана қоймай, нақты шешімдер де ұсынылды. Іс-шараның тағы бір бастамасы - «Заң елшілері» жобасы. Бұған қоса, ауданында «Тәлімгер» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

СНХ: ҚАНАТ ШАРМАГАНБЕТОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Жаттықтырушы ретінде айтарым, ең алдымен жастарға дұрыс тәрбие беру керек. Сол тәрбиенің негізінде ғана физикалық жаттығуларды тиімді жүргізуге болады. Құқық тәртібін сақтау да осы қағидатқа сүйенеді – ең бірінші жастарды саналы әрі тәртіпті етіп тәрбиелеу қажет, сол кезде ғана елімізде заң мен тәртіп орнайды.

РКС: Сондай-ақ, кездесуге жекпе-жек бойынша әлем чемпионы Идрис Бримжанов та қатысты. Ол тәртіп пен салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтіп, жастарды жағымсыз әсерлерге бой алдырмауға шақырды.

СНХ: ИДРИС БРИМЖАНОВ, СПОРТШЫ: Құрдастарыма айтарым, уақытты босқа өткізбей, спортпен шұғылдануға шақырамын! Спорт болмаса, білім алып, әрдайым шыңдалып отырған абзал. Біз еліміздің болашағы, тірегіміз!

РКС: Жиын соңында профилактикалық шараларға белсенді қатысқан жаттықтырушылар мен тәрбиеленушілер алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, ішкі істер органдары мен спорт ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ