ДИКТОР: Қалалық қазақ үлгілі кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай ұлағаты» атты арнайы зал ашылды. Бұл – хәкім Абайдың рухани мұрасын келешек ұрпаққа кеңінен танытуға, насихаттауға және терең зерделеуге бағытталған маңызды бастама. Әріптесім Сәния Есімсейітова жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: «Абай ұлағаты» залының ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, абайтанушылар, кітапхана оқырмандары мен қала жастары қатысты. Қонақтар назарына залдың мазмұндық құрылымы мен безендірілуі таныстырылып, Абай шығармашылығына арналған деректі материалдар, сирек кездесетін басылымдар мен тақырыптық көрмелер ұсынылды.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ: Мына кітапхана жүйесінде "Абай ұлағаты залының ашылуы өте орынды деп санаймыз. Бұл үлкен білгендік, үлкен жетістік. Үлкен біздің рухан алаң болатыны сөзсіз. Мұхтар Әуезовтың бір айтқан сөзі бар еді. "Абай тұңғиық мұхит, мен оның әлі бетін ғана қалқып жүрмін" деген. Егер Абай жолын жазған, Абайды зерттеуге бүкіл өмірін арнап өткен Мұқаң сияқты алыптар Абайдың бетін ғана қалқыса, біз бетін жаңа ғана ашып жатқандаймыз. Сондықтан Абайды тану, Абайды білу, Абайды ұғыну, Абайға қарап бой түзеу-ол біздің ұлтымызға аса қажетті дүние.

СНХ: ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ РЕСМИ ӨКІЛІ: Абай десе қазақ руханияты, қазақтың кең байтақ даласына тән болмысы, танымы, қара сөзіндей терең арғы жағындағы болмысы елестейді. Әр облыста, әр қалада осы Абай орталықтары болу керек. Абайдың шамшырағы жағылған руханиятына шырақшы болатын осындай кітапханалар көп болсын. Абай жаққан шырақ қазақты келесі ғасырға дейін аман сау жарқыратып жүре берсін. Абайы бар - қазақ бақытты, қазағы бар-Абай да бір күңіреніп жатқан шығар.

РКС: «Ұлы Абай ізімен...» атты мазмұнды баяндама жасаған филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы профессор Сәбит Жәмбек ақын шығармашылығының терең философиялық астарына тоқталып, Абай мұрасының өзектілігін ашып көрсетті.

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Абайдың ізімен дегенде бұл Абайдың қазақ поэзиясы болсын, әлемдік мәдениеті болсын өзіндік орны бар. Үлкен заңғар биікке зау ақын екенін білеміз. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла, Соқтықпалы соқпасыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, күнә қойма-дегендей, Абай атамыз өзінің рухани жалғыздық, халқымен бірге мұңы, болашаққа сенімі туралы айтып отыр. Мынау қазір өскелең ұрпаққа да 21 ғасырдың келе жатқан көшінде де, бұл Абай сөзі ескірмек емес. Қай бір сөздерін алмасақ та, өмірдің керемет бір пәлсапасы екенін сеземіз.

РКС: Шара барысында Кітапхананың тұрақты оқырманы Кәбира Сақыпова мен Красный Яр қалалық кітапханасының меңгерушісі Гүлжанар Бодаубай «Абайды балама таныстыру» атты жүрекжарды өлеңдерін көпшілікке тарту етті. Жырсүйер оқырман Шәмшия Тоғайбаева Абай Құнанбайұлының өлеңдерін қазақ, орыс және неміс тілдерінде оқып, тәнті етсе, дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов пен «Шаңырақ» тобы Абайдың әндерін орындап, шараның мазмұнын байыта түсті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Шара соңында ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл залда Абайдың шығармаларын сусындап, сондай-ақ хакім туралы жазылған еңбектерді кеңінен талқылап, ой бөлісуге мүмкіндік болатынын атап өтті.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ