ДИКТОР: Өндірістегі еңбек адамдары қашанда құрметке лайық. Себебі олар өздерінің қажырлы еңбегімен ерекшеленеді. Көпшілікке қажетті заттарды жасайды. Солардың бірі - полимерлі қаптама шығаратын кәсіпорындағы ауысым шебері Зейнекеш Мұхаммедина. Ол кәсіпорында 15 жыл абыроймен жұмыс істеп, өзінің табандылығымен, тәртібімен және жұмысқа деген жауапкершілігімен көзге түскен.
РКС: Біреу үшін өндірістік цех – бұл жай ғана жұмыс болуы мүмкін. Бірақ, Зейнекеш Мұхаммедина үшін цех – екінші үйі іспеттес. Ол 15 жыл осы кәсіпорында жұмыс істеп келеді. Ондаған ауысым артта қалды, мыңдаған тонна дайын өнім шығарылды. Бір кездері қарапайым жұмысшы болған Зейнекеш бүгінде мол тәжірибесі бар ауысым шебері.
СНХ: ЗЕЙНЕКЕШ МҰХАММЕДИНА, АУЫСЫМ ШЕБЕРІ: Мұндағы өндіріске 15 жыл бұрын келдім. Алғаш келгенімде тігін жабдықтарының операторы болып жұмыс істедім. Ол қызметте 10 жыл еңбек еттім. Кейін тігін жабдықтарының нұсқаушысы болып тағайындалдым. Мен тігін тігуді бар жаныммен ұнатамын. Жұмысым маған алғаш келгенде-ақ қатты ұнады. Әріптестерім – өте жақсы жандар, басшылық та керемет. Мен мұнда 15 жылымның қалай тез өткенін де байқамадым.
РКС: Зейнекеш ауысымды басқарып қана қоймай, жастарға тәлімгер бола біледі. Әріптестері арасында сыйлы. Зейнекеш байсалды және оған сенім артуға болады, - дейді ұжымдастары. Оның басшылығымен ұжымда тәртіп пен сыйластық орнаған. Оның командасының басты артықшылығы да - осы.
СНХ: ЕВГЕНИЙ ИСАЕНКО, ӘРІПТЕСІ: Зейнейкеш Мейрамқызын мен 7 жыл бойы білемін. Ол өзін мінсіз қызметкер ретінде көрсетті, адамдармен әрқашан ортақ тіл табады. Цехта әрдайым тәртіп бар, әрі мұндағылар өз жұмысын жетік біледі. Жалпы, Зейнекеш әріптесімді тек керемет жақсы қырынан ғана білемін.
РКС: Жұмыстан қолы қалт етсе, үй шаруашылығына кірісіп кететін Зейнекеш Мұхаммедина отбасына арнап дәмді ас әзірлегенді ұнатады. Көкеністерді өсіргенді де жаны сүйеді. Үлгілі ана ретінде балаларының бойына отбасылық құндылықтарды сіңіріп, тәрбиелеп отыр. Зейнекеш Мұхаммедина – мамандығына деген ыстық ықылас пен отбасына деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ