ДИКТОР: Жаңа-Қима ауылының Қабдеш Өскенбаев атындағы орта мектебі жанында «Родник» экологиялық жасағы жұмыс істейді. Оған 20 оқушы қатысып жүр. Оның жұмысымен тілшіміз Евгений Варанкин танысып қайтты.
РКС: Ауыл маңында көптеген бұлақтар бар. Экологиялық жасақ өз жұмысын осы бұлақтарды тазалаудан бастаған. Осы себептен «Родник» деген атауды иеленген. Жасақ осыдан 15 жыл бұрын құрылған.
СНХ: НИНА ПАСАРАР, «РОДНИК» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жаз мезгілінде жасаққа тек орта буын оқушылары жұмылдырылады. Қысқы уақытта оқушыларымыз экология тақырыбында жобалар дайындайды. Жалғыз тұратын қарттарға көмектесеміз: үйлерінің маңын тазалаймыз, су әкеліп, отын дайындап береміз. Жазда мектеп айналасын тазалаумен айналысамыз. Ауыл көшелерін аралап, қоқыс жинап, қаптарға салып, ауыл шетіне шығарамыз. Көбіне уақытымызды өзен бойында өткіземіз. Демалыс күндері өзен жағасында адамдар жиналатын жерлерді тазалап, сол жерден қалған қоқысты жинап алып кетеміз.
РКС: Сондай-ақ, экологиялық жасақ мүшелері жыл сайын мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызады. Атап айтқанда, биыл пирамидалы теректер екті. Ағаш көшеттерін демеуші Светлана Қаражігітова қамтамасыз еткен.
СНХ: НИКИТА ОБУХОВ, ЖАСАҚ БЕЛСЕНДІСІ: Біз экология мен қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңызын жақсы түсінеміз. Негізгі міндетіміз — ауылымызды таза ұстау, сондай-ақ ауыл тұрғындарына еңбексүйгіштік пен табиғатқа деген сүйіспеншілікті жеткізу. Экологиялық жасақтың басты мақсаты — тек қоқыс жинап қоймай, ауылдастарымыздың табиғатқа жанашырлықпен қарауына ықпал ету. Біз тек тазалықты сақтап қана қоймай, оны басқаларға үлгі етуге ұмтыламыз. Себебі шағын қадамдар үлкен өзгерістерге әкелетініне сенеміз. Сол қадамдарды күн сайын жасауға дайынбыз.
РКС: Мұндай жасақтар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады. Экологиялық жасақтар оқушыларға табиғат туралы терең білім беріп қана қоймай, оны қорғауға баулиды. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоқысты сұрыптау, орманды сақтау сынды дағдылар ерте жастан қалыптасады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.