ДИКТОР: Сандықтау ауданының Балкашино ауылындағы шаңғы-роллер трассасы 19 жылдан кейін алғаш рет толық жөнделуде. Аудан орталығындағы бұл нысан соңғы рет 2006 жылы жаңартылған. Биыл мамыр айынан бастап жөндеу қарқынды жүріп жатыр.
РКС: Трасса спортшыларға жазғы және қысқы кезеңде жаттығу өткізуге арналған. Мұнда бірнеше айналым жолдар мен толық жарықтандыру жүйесі бар. Ескі асфальт алынып, трассадағы ойлы-шұңқырлы жерлер жөнделуде. Орнына су жаңа жол төселеді.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ЛОВЯГИН, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл шаңғы роллер трассасына күрделі жөндеу жүргізілуде. Мердігер – «Элитстрой Комплект» компаниясы. Жалпы, шаңғы-роллер трассасын салу мамыр айында басталды. Өз жұмысын бастамас бұрын олар ескі асфальтты алып, астындағы топырақты дұрыстады. Содан кейін бізде су өткізу құбырлары толық ауыстырылды. Шаңғы-роллер трассасы қазан айына дейін дайын болу керек, бірақ мердігер жұмысты шамамен жарты айға ерте аяқтамақ. Осы тамыз айында асфальт төселеді. Кейін трасса бойындағы электр жабдықтары жаңартылады.
РКС: Жөндеу жергілікті биатлоншылардың және жазғы кезеңде жаттығу өткізетін спортшылардың мүмкіндіктерін арттырады. Спорт мектебі директорының айтуынша, Ақмола облысының ғана емес, өзге өңірлердің биатлоншылары ұдайы келіп, жаттығу жасайды.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ЛОВЯГИН, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Спортшылар әр аймақтан келеді. Атап айтсам, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келушілер көп. Бұған дейін биатлоннан Қазақстан құрамасы бізге екі рет келдіі. Себебі, мұнда 15 қару станциясынан тұратын ату алаңы бар. Шаңғы-роллер трассасының ұзындығы – 2,5 километр. Мұнда бір және бір жарым шақырымдық бұрылыстар бар.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ