ДИКТОР: Жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептер мен колледждерде «Досбол Like» атты антибуллингтік бағдарлама енгізіледі. Бағдарлама жасөспірімдер арасындағы буллинг деңгейін төмендетіп, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруды көздейді.
РКС: «Досбол Like» бағдарламасы – мектептерден бастап колледждерге дейін өңірдегі барлық білім беру ұйымдарын қамтымақ. Бағдарлама аясында буллингтің алдын алуға бағытталған кешенді жүйе құрылып, оған мәселені ерте анықтау, жедел әрекет ету және баланы қолдау шаралары енгізілген. Ол педагогтар, әкімшілік, психологтар, әлеуметтік педагогтар мен ата-аналардың тікелей қатысуымен іске асады. Тамыз айының басында «Өркен» ұлттық ғылыми-тәжірбиелік институтының ұйымдастыруымен балалардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі мамандарға арналған оқу семинары өтті.
СНХ: АЙГҮЛ МАҒАУИНА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бағдарламада нақты модель қарастырылған. Бірінші қадам – буллинг немесе қорлауға қатысты түскен шағым немесе өтініш моделі, екінші қадам – оның себебін талдау, кімнің агрессор немесе буллер екенін анықтау және үшінші қадам – түскен шағым немесе өтініш бойынша жеке жұмыс жоспарын құру және әзірлеу моделі. Төртінші қадам – мектеп пен колледждің әкімшілігі және психолог қызметтері арқылы көмек көрсету. Ал соңғы қадам – түскен шағым немесе өтініш бойынша бақылау жүргізу моделі.
РКС: Сонымен қатар, қыркүйектен бастап «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама алты бағыттан тұрады. Олардың әрқайсысы мектепте қауіпсіз және достық орта қалыптастыруға бағытталған.
СНХ: ИНAРА ЕРМҰХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Антибуллингтік бағдарлама аясында әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтардың рөлі қандай? Ең алдымен, балалардың әлеуметтік және эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету, оқушылардың барлық іс-әрекеттермен тыныш айналысып, өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауға және өмірден қуаныш алуға мүмкіндік беретін қолайлы орта құру. Қазір психологиялық қолдау орталығына 1200-ден астам өтініш түскен, оның ішінде 900-ден астамы жеке қабылдау арқылы, ал 308 өтініш онлайн режимде қаралған. Бұл орталықта тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны да бар, ол 24/7 қызмет көрсетеді.
РКС: Жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық оқу орнында мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар үшін түсіндіру кездесулері өтеді. Айта кетейік, психологиялық қолдау орталығында 44-53-23 номері бойынша сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Өйткені, балалардың психикалық денсаулығы – олардың табысты оқуы мен үйлесімді дамуының негізі, - дейді мамандар.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ