ДИКТОР: Бурабай ауданының Златополье ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Денсаулық сақтау мекемесінің ғимараты 40 жыл бұрын салынған. Енді ауыл тұрғындары, басқа қалаларға шықпай-ақ, қажетті медициналық қызметтердің барлығын ала алады.
РКС: 1985 жылы ашылған амбулатория бүгінде толық жаңарды. Бұрын тұрғындар медициналық көмек алу үшін көршілес Щучинск қаласына баруға мәжбүр еді. Енді ғимаратта тіс емдеу және егу кабинеттері, күндізгі стационар, процедуралық кабинет ашылып, барлық түрдегі скринингтер жүргізіліп жатыр.
СНХ: ЮЛИЯ ЗАМЧАЛОВА, АҒА МЕЙІРБИКЕ: «Бұл жерге кірген біздің өзімізге де ұнайды, ал тұрғындарымыз болса жаңа жөндеуге өте риза. Мұнда күндізгі стационар бар, адамдар қалаға бармайды, барлығы осында ем алады, тағайындау жұмыстарын терапевт дәрігер жасайды. Барлық ем-шараларды осында орындаймыз. Процедуралық кабинет бар, инъекциялар мен екпеден бөлек, бізде үнемі қан алу жүргізіледі – бұл да өте үлкен артықшылық, өйткені адамдарға қалаға барудың қажеті жоқ, бәрі осында, бір жерде жасалады.»
РКС: Амбулатория ауыл мен оған жақын елді мекендердің 2 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ оның құрамына бірнеше фельдшерлік-акушерлік пункт кіреді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, енді медициналық қызметтер қолжетімді әрі жақын.
СНХ: ОЛЬГА ИЛЬИЧЁВА, ЗЛАТОПОЛЬЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Амбулаториямызды жаңартқандарына өте қуаныштымын. Енді қалаға барудың қажеті жоқ, барлық қызметті осы жерден алуға болады. Барлығын сапалы жасапты, жаңарған амбулаторияға кіру өте жағымды.»
РКС: Айта кетейік, жұмыстар демеушілердің қаражатына атқарылды. Ғимаратты жөндеу мен жабдықтарды жаңарту ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті заманауи әрі жайлы етті, – дейді тұрғындар.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ