ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Серафимовка, Қойсалған және Желтау ауылдарында бірнеше айдан бері қордаланып келген жарық мәселесі шешілді. Айта кетейік, бұған дейін бұл елдімекендерде үш ай бойы электр қуаты жиі ажыратылып, тұрғындар тұрмыстық қиындықтарға тап болған еді. Енді ауыл тұрғындары тұрақты жарықпен қамтылып отыр. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұрын тәулігіне бірнеше рет жарық сөнетін. Кернеудің тұрақсыздығынан жергілікті тұрғындардың тұрмыстық техникалары да істен шыққан. Ақыры берекесі қашқан жұрт бұл мәселенің шешімін талап етіп, тиісті органдардан көмек сұраған.
СНХ: ЛЮБОВЬ КОВАЛЕНКО, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Жарықтың жиі сөнуінен талай тұрмыстық техникамыз істен шықты. Ақыры шыдамымыз таусылып, дабыл қағуға тура келді. Соның нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты. Бағаналар мен электр желілері ауыстырылып, қосалқы станцияда ауқымды жөндеу жүргізілді. Міне, бір апта болды – жарық тұрақты, бәрі жақсы.
РКС: Аудан әкімдігі өз кезегінде мұндағы электр желілерінің әбден тозғанын айтады. Сондай-ақ, бұл желілер аудан әкімдігінің меншігінде болмағандықтан, өз күшімен атқарылған жұмыстар күткен нәтиже бермеген. Осы ретте, электр жарығына жауапты мамандармен бірлесіп, ауқымды жаңарту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
СНХ: ӘСЕТ ҚҰРМАНҒОЖИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Мамыр айынан бастап осы Серафимовка-Қойсалған-Желтау линиясында күнсайынғы апаттық жарық сөндіру орын алды. Сондықтан аудан әкімдігі жасаған барлық күш-әрекеттер ешбір нәтиже бермегендіктен Көкшетау Энерго кәсіпорнына жүгінуге мәжбүр болдық. Осы жерде 43 опора ауыстырды. 15 траверс ауыстырды. Оның алдында біз өз күшімізбен 2 КТП ауыстарған болатынбыз. Мыңнан астам изоляторды ауыстырып және артымызда тұрған подстанцияның ішінде ағымдағы жөндеу және күтім көрсету жұмыстарын жасап кетті. Енді бүгінгі күні бұл жұмыстар өз нәтижесін берді. Бір апта бойы кешенді жұмыстар жасалды. Соның нәтижесінде үш ауыл тұрғындары тұрақты жарықпен қамтамасыз етіліп жатыр.
РКС: Жергілікті ауыл тұрғындары мұндай жағдай алдағы уақытта қайталанбайды деген үмітте.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ