ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Ақмола облысы Әділет департаменті «Әр азаматқа – құқықтық көмек», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күнін» өткізді. Мақсаты - азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру. Толығырақ тілшіміз баяндасын.

РКС: Заң және тәртіп аясында қала тұрғындарына құқықтық мәдениет пен сауаттылықты арттыруға бағытталған тегін кеңестер берілді. Шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер және қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Мұнда келген әрбір тұрғын өзіне қажет заңнамалық түсініктемелерді алды. Көбіне еңбек даулары, тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік төлемдер мен отбасы құқығына қатысты сұрақтар қойылды.

СНХ: БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ЗАҢ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз әр адамға құқықтық көмек көрсету акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл біздің Ата заңымызға, Конституциямызға арналған акция. Бүгін міне 30 жыл толып отыр. Бүгінгі күні заң консультанттары, нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қатысып отыр. Әр тақырып пен сауал бойынша жауап алуға мүмкіншілік бар. Барлығы 5 жылдан 30 жылға дейінгі еңбек өтілі бар білімді адвокаттар. Қала тұрғындарын сұрақтарына жауап алуға шақырамыз.

РКС: Акция барысында адвокаттар,жеке сот орындаушылар мен нотариустар сауалдары бойынша жүгінген барлық азаматтарға ақысыз құқықтық көмек көрсетті. Бұл кеңес беру жұмыстары халықтың құқықтық мәдениетін көтеріп, өз құқығын қорғауға сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді-дейді тұрғындар.

СНХ: ӘНУАРБЕК ЖУАНЫШПАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен заңгерлік кеңес алу үшін адвокатқа жүгіндім. Бұл сұраққа ол қол жетімді және түсінікті жауап берді, маған өте ұнады. Комиссия алдында кез- келген мәселені шешуге болады деп есептеймін.

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ