ДИКТОР: Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Салауатты сана – салиқалы ұрпақ» атты облыстық семинар өтті. Шарада отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі және ата-ананың жауапкершілігі тақырыптары кеңінен талқыланды.
РКС: Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – баланың санасына кері әсер ететін әлеуметтік бес кеселдің бірі – нашақорлық пен түрлі тәуелділіктің алдын алу және онымен күресу шаралары болды. Осы бағытта бүгінде облыста Esirtkisiz Aqmola "Esbol Qory" фронт офисі жұмыс істейді. Қатысушылар синтетикалық есірткі мен оның қоғамға тигізетін қауіп-қатері, сондай-ақ жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу тәсілдері жайлы ой бөлісті.
СНХ: РАЗИЯ КУРСАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Түрлі жазбалар есірткі құралдарын жарнамалау мақсатындағы насихат материал болып есептеледі. Әрбір ата-ана, әрбір азамат мұндай жарнамаларға бейжай қарамай, тиісті шара қолдануы қажет екені дұрыс атап өтілді. Заңсыз айналымнан 108 килограммнан астам есірткі заты тәркіленді, оның ішінде 7 килограммнан астамы синтетикалық есірткі болғаны алаңдатарлық жағдай. Қазіргі таңда есірткіге қатысты ахуал өзгеріп, оны тарату тәсілдері жаңа форматқа көшкен. Сауда толықтай әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асуда. Ең өкініштісі, мұндай жарнамалар әдеттегі қосымшаларға жасырынып, шын мәнінде психотроптық заттарды тұтынуды насихаттайды.
РКС: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Республикалық аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи өз сөзінде балалардың санасын улайтын смартфон екенін, және оны алып қоюмен мәселе шектелмейтінін атап өтті. Ол ата-ананың балаға деген дұрыс қарым-қатынасы мен жан жылуы, сондай- ақ, ана мейірімі мен әке парасаты – ұрпақтың рухани негізі екеніне ерекше тоқталды.
СНХ: НӘЗИПА ШАНАИ, ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Тәуелділік жылдан жылға көбейіп бара жатыр. Аналар кеңесінің алдында тұрған бір-ақ мақсат бар. Соған ұшыраған адамдарымызды азайту. Себебі ана жүрегі қашанда өз баласы үшін ауырады ғой. Біздің мақсатымыз- Қазақстанның ешбір анасы жыламаса деген. Сондықтан алдын алу мақсатындағы жұмыстар. Біз баламызды сақтап қалу үшін ең алдымен отбасы институтының фундаменті мықты болу керек. Отбасындағы ауызбіршілік мықты болу керек. Бұл жерде ешқандай басқа шешім жоқ.
СНХ: ЗӘУРЕ ҚАҚАБАЕВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ САРАПШЫСЫ: Лудомания болсын, наркомания болсын, зорлық-зомбылық болсын өз орнын тапты деп айтамыз. Себебі, жан-жақта ғаламтор арқылы, тик ток арқылы көріп жатады. Ал енді мұның шешімі қандай болу керек? Ең бастысы, әрине, ата-аналар көңіл аудару керек. Ал енді аналар кеңесі тәрбие жағына көп көңіл аударамыз. Осы ұлттыққұндылықтарды насихаттау арқылы балалармен болсын, жас ата-аналармен кездесу арқылы ұрпақты тәрбиелеуге аналар кеңесі көп көңіл аударады.
РКС: Бұл бас қосу қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – ұрпақ тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда отбасы институтының маңызын тағы бір мәрте айқындады. Шара барысында қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқан Аналар кеңесінің бір топ мүшелері Республикалық аналар кеңесінің және облыстық Ішкі саясат басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ