ДИКТОР: Елімізде 15 қыркүйектен бастап тұрғын үйді басқару және күтіп ұстау үшін алым төлеудің жаңа ережелері күшіне енеді. Көкшетауда заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Отырысқа пәтер иелері коперативтері, мүлік иелері қауымдастығы және басқа да үй шаруашылығы нысандарының төрағалары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мамандары, Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева қатысты.

РКС: «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа Заң пәтер иелері кооперативтері жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Түзетулерге сәйкес басқарудың екі нысаны болады. Ол заңды тұлға құрмай тікелей бірлескен басқару және заңды мәртебесі бар мүлік иелерінің бірлестігі. Пәтер иелерінің кооперативтері сақталады, бірақ ол басқару субъектісі ретінде болады.

СНХ: МАРҒҰЛАН ӘБДІКӘРІМОВ, ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы пәтер иелері кооперативін тарату мерзімін 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін шегеру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл мерзім тағы 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Ал 2023 жылы таратуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Тиісінше, кооперативтің қызметіне жаңа тәсілдер әзірлеу, өз қажеттіліктері бірлестігінің жұмыс механизмін құру сынды істер атқарылды.

РКС: Жаңа механизмге сәйкес, тікелей өзін-өзі басқару өз функцияларын меншік иелері жиналысының хаттамалары негізінде жүзеге асырады. Мүлік иелерінің бірлестігі коммерциялық емес ұйым ретінде әділет органдарында тіркелген. Айта кету керек, егер көпқабатты үйде 36-дан аса пәтер болса, басқару субъектісін, яғни пәтер иелері кооперативін немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік тартуға міндеттеме бар. Өзгерістер тұрғындарға таңдау және үйлерін қауіпсіз басқару мүмкіндігін беруге бағытталған, - деп атап өтті заң жобасы бастамашыларының бірі, Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

СНХ: ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Барлық өзгертулер бірден іске асады деуге болмайды, бірте бірте өзгереді. Яғни мұнда тез және аяқасты барлығын өзгертіп тастамаймыз деп айта аламын. Сол себепті бүгінге дейін жақсы жұмыс істеп жатқан институттар жұмыстарын әрі қарай жалғастыратын болады. Иесіз қалған үйлер мәселесі әлі де өзекті. Сәтті жұмыс істеп жатқан кейбір кооперативтерді қысқарту тиімсіз.

РКС: Кездесу барысында пәтер иелері кооперативтері, мүлік иелері қауымдастығы және үй нысандары қауымдастығының төрағалары белсенді түрде сұрақтар қойып, алдағы өзгерістерді талқылады. Тұрғындарды ең төменгі тарифті бекіту мәселесі ерекше қызықтырды. Бүгінде мәслихаттар жыл сайын әр өңірдегі ең төменгі тарифті бекітеді. Тариф жаңа механизм бойынша яғни айлық есептік көрсеткішпен есептелетін болады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.