ДИКТОР: Сандықтау ауданының Максимовка ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған ескі ғимарат апатты деп танылған. Бүгінде нысанның ішін әрлеу және аумақты абаттандыру қарқынды жүріп жатыр. Құрылысы аяқталуға жақын медициналық нысанда 10 қызметкер жұмыс істейтін болады. Денсаулық сақтау мекемесінің құрал-жабдықтары да жаңартылады. Амбулаторияның бой көтеруі ақ халаттылардың атқарар жұмысын жетілдетпек. Айта кету керек, бұл нысан Максимовка ауылдық округіндегі елдімекендерге ғана қызмет көрсетпейді. Көрші округте тұратындар да осында медициналық көмек алмақ. Құрылысының аяқталуы тамыз айының соңына жоспарланған.
СНХ: АЙДАНА АСҚАРБЕКОВА, МАКСИМОВКА АУЫЛЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕРІ: Жұмыс жасағаныма екі жыл болып жатыр. осы арада бізге жаңа амбулатория салып жатыр. Біз оған өте қуаныштымыз! Бізге 8 ауылдан 4 мыңға жуық емделуші келеді. Жаңа амбулатория салынуына өте қуаныштымыз! Бізге ол – өте үлкен мүмкіндік! Пациенттерімізді қабылдауға үлкен мүмкіндік болып жатыр.